{metadescription}
Астана іргесінде газ тасымалдайтын қондырғы істен шыққан
Астана іргесінде газ тасымалдайтын қондырғы істен шыққан

Астана іргесінде газ тасымалдайтын қондырғы істен шыққан

Астана іргесінде биыл ғана тартылған газ қондырғылары Арқаның алғашқы аязына төтеп бере алмай қатып қап жатыр. Мыңдаған тұрғыны бар «Интернациональный» тұрғын алабы арнамызға осылай деп шағымданды. Талай жылдан бері зарықтырып қол жеткізгендегі көгілдір отынның аты бар да, заты көңіл көншітпей тұр. Астаналық тілшіміз Айғаным Достанбай газдан тарыққандардың шағымын тыңдап қайтты.

Астана іргесіндегі Интернациональный тұрғын алабын газдандыру жазда аяқталған. Талай жылдан бері отын жарып, көмір тасудан зәрезап болған тұрғындар бөркін аспанға атып қуанған. Бірақ қыс басталғалы қайта тынышы қашты. Көгілдір отынның қызығын енді көреміз дегенде...

Жаңылдық Жүсіпбекова, Астана тұрғыны:

- Таң атқанға чатта айқайшу! Не апат қызметі келмейді. Не Қазтрансгаздан көмек жоқ. «Өзің барып, сол кранды бұраңдар» дейді. Ол дұрыс емес. Кран қай жерде? Кошенің қасында бұрылыста сол жерге барып, «өздерің істеңдер» дейді. Өйткені бригада істеген, мүмкін жабық қалған деген.

Айналдырған бір аптаның ішінде газ тасымалдайтын қондырғы екі рет істен шыққан. Алғашқысында бригада бақандай алты сағат бойы аласып, ақауын әзер анықтапты.

Мұхтар Төлеков, Астана тұрғыны:

- Жылыту маусымы енді ғана басталды. Табиғи газға қолымыз жетті ме дегенде, газ бірде бар, бірде жоқ. Менің электроникама зақым келді. Абырой болғанда кепілі бар. Ал басқалары қайтпек?!

Түсірілім тобының келгенін ести сала, Алматы ауданының әкімі де дереу бой көрсетті. Газ қондырғысындағы ақаудан шенеунік хабардар. Мұндай жағдай екінші рет қайталанса, атын болса жауаптыларды тезге салудың амалын қарастырамыз дейді ол.

Мақсат Саматұлы, Алматы әкімі:

- Ол кісілер жоба толық дұрыс істелінді деп айтты. Газды биыл бірінші рет қосып жатырмыз. Ол тексерілген нәрсе, мамандар тексерген, мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба. Арнайы мамандар қабылдап алды. Сондықтан осындай жағдай болады деп кім ойлаған?!

Жауаптылар ақаудың негізгі себебі күннің күрт суытып кеткенінен дейді. Газ қондырғылары қысымды көтере алмай, бірінен соң бірі істен шыққан. Заң бойынша, осындай апатты жағдайда тұрғындар қосымша қазандықты іске қосуы керек екен. Бірақ оған құлықты ешкім жоқ. 

Ерғали Айбек, "Астана газ"ЖШС директорының орынбасары:

- Алда біліп келіп айтпайды. «Интергаз» апатты жағдайды қолға алып, басты қорапшаны жөнге келтіріп ... Орайтын нәрселерін орап. Жылыту жүйесін іске қосып, алдағы уақытта мұндай нәрсеге тап болмаймыз деп сенеміз. Техникалық байқауларға байланысты мына қысымнан, газдан конденсат болып, осы жағдайға душар болдық.

Газдың берілгеніне азғантай уақыт болды. Қысымның бары осы. Тұрғындар бірер сағаттан соң осыған да зар боламыз дейді. Талай жылдан бері зарықтырып жеткен көгілдір отынның сиқы осы. Қазір газ толығымен берілген. Дегенмен тұрғындар қыс басталмай жатып сыр берген су жаңа құбыр Арқаның алты ай аязына шыдас беретініне күмәнмен қарайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде