{metadescription}
Әскери аэродромда еңбектенген жұмысшыларды жалақысыз қалдырған – Алматы облысы
Әскери аэродромда еңбектенген жұмысшыларды жалақысыз қалдырған – Алматы облысы

Әскери аэродромда еңбектенген жұмысшыларды жалақысыз қалдырған – Алматы облысы

Жалақысыз отбасынан жырақта жүр. Алматы облысындағы әскери аэродромның ұшып-қону жолағын жаңартып жатқан 70-тен астам жұмысшы үш айдан бері маңдай тер ақысын алмаған. Мердігер компанияның тастай суық контейнерінде бір аптадан бері бос жатқан атпалдай азаматтардың қолында еңбек келісімшарты да бар.

Соған қарамастан «К-Дорстрой» Серіктестігі сан түрлі сылтау айтып, құр уәдемен тойдырып келеді. Бас мердігер жалақының кешігуіне тапсырыс берген қорғаныс министрлігін кінәлады. Алайда жауапты ведомствоның айтар өз уәжі бар.

Таңның атысы кештің батысы Алматы облысындағы әскери аэродромның ұшып-қону жолағын жаңартқан 70-тен астам жұмысшы үш айдан бері жалақысыз жүр. Қолдарында еңбек келісімшарты бар атпалдай азаматтар қаржыдан қысылып қарызға батқан. Бірақ олардың базынасына құлақ түретін басшы жоқ.

Еркін Сатаев, жұмысшы:

- Әбден қиналдық. Әбден шаршадық, тосыптосып. «Ертең болады», «бүргісүні болады» дейді. Аяғында ештеңке жоқ. Қазағым қашанда шыдамды. Шыдап келеміз. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Біз қарыз сұрап отырған жоқпыз. Өз еңбегіміздің ақысын беріңіздер.

Еңбе ақсын ала алмай жүрген жұмысшылар бір-біріне жапсарлас орналасқан темір контейнерлерде тұрып жатыр. Мұнда тұрмысқа қаже қолайлы жағдай да жоқ. Тар бөлмеде қысылып-қымтырылып төрт адам жатады. Жылу да жоқ, жігіттер электр жылытқышын қосуға мәжбүр.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған азаматтар отбасын асыру үшін тамыз айынан бері жырақта жүріп тер төккен. Бірақ мердігер компания бір апта бұрын «жұмысты тоқтатыңдар» депті. Сол уақыттан бері жұмысшылар осында бос жүр. Үйіне қайтайын десе, қалталарында көк тиын жоқ.

Дәурен Жақсыбеков, жұмысшы:

- Бұл жерде жазда болмаса, қыста тұра алмайсың. Қара суық. Жерден сыз өтіп жатыр. Адамдар ауырып жатыр. Кетейін десем, ақша жоқ. Осы жерде жатырмыз. Балашаға деген ана жақта аш, шырылдап жылап жатыр.

Жұмысшыларға жалақыны «әне-міне аласыңдар» деп күн сайын уәде беретін «К-Дорстрой» компаниясы бар кінәні қорғаныс министрлігіне сілтей салды. Серіктестік өкілдері жауапты ведомство атқарған жұмысты қабылдамай, ақшаны толық бермеді деп ақталды.

Александр Русаков, «К-Дорстрой» АҚ өкілі:

- Біз бас мердігер компания ретінде Жетігендегі аэродромға күрделі жөндеу бастағанбыз. Тапсырыс беруші әскери инфрақұрылым басқармасы. Олар алдын ала төлем деп, ақшаның бір бөлігін берді.Бұл қаражатқа құрылыс материалдарын алып жұмысты бастады. Бірақ олар біз атқарған жұмысты түрлі себепсылтаумен қабылдаған жоқ. Сондықтан біз жұмысты тоқтатып қойдық. Осы жағдайдан кейін жалақыға қатысты мәселе туды.  

Ал әскери аэродромды жөндеуге тапсырыс берген қорғаныс министрлігі жауапсыз компанияға жолықтық деп, өзіне шаң жуытпады. Жүктелген жұмысты шала-шарпы атқарған соң, аталған Серіктестікпен келісімшартты бұзуға тура келді дейді әскери инфрақұрылым басқармасындағылар.

Қос тараптың ортақ келісімге келе алмай жүргені жұмысшыларды қызықтырмайды. Сондықтан олар еңбек инспекциясы мен прокуратураға арыз жазып, адал тапқан ақысын өндіріп алмақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде