{metadescription}
Пәтер жалдау бағасы арзандап барады
Пәтер жалдау бағасы арзандап барады

Пәтер жалдау бағасы арзандап барады

Қазақстанда пәтер жалдау соңғы аптада тағы екі пайызға арзандады. Қыркүйектің аяғы мен қарашаның ортасына дейін баға күрт құбылып аспандаған. Елімізде қазір пәтер жалдау шамамен 30 пайызға төмендегені байқалады.

Әсіресе бес қалада баға қалыпқа түсті деуге келеді. Оралда 6,2, Қостанай мен Петропавлда 4,7 пайызға дейін арзандады. Мұнда жалға алатын пәтердің бір шаршы метрі шамамен 2800 теңгеге тең. Ал, миллионды мегаполис Алматыда 3,1, Астанада көрсеткіш 2 жарым пайызға дейін түсіп, бір шаршы метр құны орташа 5 мың теңгені құрады.

Баға арзандады дегеннің өзінде, Алматы елдегі пәтер жалдаудан ең қымбат қалалардың көшін бастап тұр. Тамызда 150 мың теңге тұрған баспана қыркүйектегі қарбаласта 400 мың теңгеге дейін аспандады. Қазір 200 мың теңгеге табуға болады. Сарапшылар жаңа жылдан кейін бағаның ауытқуы қатты байқалмайды, айырмашылық, әрі кетсе 3-4 пайыз болуы мүмкін деп болжайды.

Мұрат Шүкірғалиев, риелтор агенттігінің директоры:

- Нарықтағы жағдай қазіргі қалыпта тұратын болса, біздің болжам бойынша жалға алу бағасы көтерілмейді. Елге тоқтаусыз келіп жатқан азаматтардың легі басылды. Қазір өз қызметін ұсынатын сайттарда бір ғана Алматының өзінде шамамен үш мыңға жуық пәтер жарнамасы тұр. Оның өзі күзбен салыстырғанда жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді. Алматыдағы орташа бір бөлмені 200, екі бөлмені 250, үш бөлмені 350 мыңға жалдауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде