{metadescription}
Бір баланы тамақтандыру үшін 450 теңге жете ме?
Бір баланы тамақтандыру үшін 450 теңге жете ме?

Бір баланы тамақтандыру үшін 450 теңге жете ме?

Бір баланы тамақтандыру үшін 450 теңге жете ме? Елорда мектептерін ыстық тамақпен қамтып отырған кәсіпкерлер бюджеттен бөлінетін қаржының аздығын айтып шағымданды. Жалға алу құнынан, күн санап қымбаттаған азық-түліктен, газ бен судың ақысынан ақшамыз артылмайды дейді олар.

Мысалы, пандемияға дейін тек жалға алу құнына айына 50 мың теңгенің айналасында төлесек, қазір 350 мыңды санап береміз деп күйініп отыр кәсіпкерлер. Бұлай жалғаса берсе, банкрот болып тынамыз. Сондықтан бұл кәсіпті тоқтатқанымыз абзал дейді.

Ал қаланың білім басқармасы биыл баға сол күйінде қалатынын жеткізді. Алдағы уақытта бір оқушыға 530 теңге тағайындау жоспарда бар екен. Біз де нарықтағы бағаны бақылап, зерттеу жүргізіп отырмыз дейді білім басқармасындағылар. Ал кәсіпкерлер бір оқушыға тамақ құнын 1000 теңге қылса деген талап-тілегі бар.

Илья Зайцев, кәсіпкер:

- Біз тек келісімшартымызды аяқтау үшін ғана жұмыс істеп жүрміз. Мен және өзім секілді басқа да компания иелері бар. Өйткені бастаған ісін соңына жеткізбейтін жауапсыз кәсіпкер деген сөз ергенін қаламаймын. Егер бағаны көтермесе, келесі жылдан бастап тендерге қатыспаймыз. Өйткені бұл жерде тек біздің мүддеміз емес. Балалардың денсаулығы тұр. Қазіргі бөлінетін қаржыға дұрыс тамақтандыру мүмкін емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде