{metadescription}
Карантин: Қарағанды облысында ірі қараға қарасан тиді
Карантин: Қарағанды облысында ірі қараға қарасан тиді

Карантин: Қарағанды облысында ірі қараға қарасан тиді

Қарағанды облысында ірі қараға қарасан тиді. Өңірдегі Мамыраев ауылына қарасты Қоспақ қыстағында аталмыш дерттен 7 cиыр арам қатып, ауылда карантин жарияланған.

Ауылдан ат шаптырым жердегі қыстақта ірі қараның арам қатуы қазан айының соңында басталған. Мамандардың айтуынша, аталған кесел төрт жасқа дейінгі аша тұяқты жануардың бәріне тиеді екен. Мал дәрігерлері жеткенше, шаруа қожалығындағы 11 ірі қара арам өлген. Ветеринарлар қора-қопсыны залалсыздандырып, қыстақ карантинге жабылған. Ал, ауру ошағындағы 100-ден аса мүйізді вакциналанды.

Жалпы Қарағанды облысында осымен қарасан кеселінің үшінші ошағы анықталып отыр. Алдыңғы екеуі тамыз, қыркүйек айларында Шет ауданынан шыққан болатын. Осы кеселді жұқтырып, асқындырған мал емдеуге келмейді. Сондықтан өлекселері өртелген ірі қараға өтемақы төленеді.

Ержан Бекетбаев, Қарағанды облысы ветеринар инспекциясының басшысы:

- Өтемақысы республикалық бюджет есебінен нарық құнымен төленеді. Бүгінде шаруашылық аурудан аман. Тоқтатылды деуге болады. Жалпы бұл ауру, негізінен, табиғи ошақ ауруы. Шарушалықтарда кездесіп тұрады. Вакцина күшімен қайтарып, тоқтатып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.