Қазақстанның бастамасымен Парижде ядролық апат қаупі талқыланды
Ядролық апат қаупі сейілмей тұр. Әсіресе қазіргідей геосаяси ахуал шиеленіскен жағдайда. Қазақстанның бастамасымен Франция астанасында өткен Жаһандық сарапшылар альянсының басқосуында әлемнің әр түкпірінен келген түрлі саланың майталмандары қауіп-қатерлер жайын талқылады.
Автор: Елдос Есенбол
02.12.2022
Ангела Кейн, БҰҰ Қарусызданудан бұрынғы жоғары өкіл:
- Дәл қазір алдымызда тұрған екі мәселе: Украинадағы қақтығыс нәтижесінде Запорожье атом электр станциясының жойылу мүмкіндігі, бұның аяғы ядролық апатқа әкеліп соғуы ғажап емес, екіншісі – ядролық қаруды қолдану ықтималдығы. Украинадағы қақтығыстан 60шы жылдағы қару-жарақты бақылау саласындағы жетістіктер жоққа шыққалы тұр.
Бұл мәселеде Қазақстан көпке үлгі болып қала береді – еліміз қуатынан әлемде төртінші орын алатын ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жалғыз мемлекет. Сонымен қатар қазақ елі Орталық Азияның көшбасшысы ретінде де әлем назарын өзіне аударып отыр. Қазақстан көптеген батыс елдерінің негізгі экономикалық серіктесі, Еуропа мен Азия арасын жалғаған көпір. Жетінші рет өткен Форумда мұның бәрі айтылып, танымал сарапшылар жан-жақты талқыға салды.
Ержан Алтынбаев, Әлем экономикасы және саясат институтының директоры:
- Біз мұндай шараны алғаш өткізіп отырмыз. Яғни бұл құрлықтардың диалогі деуге болады. Бір үстел басында қаржыгерлер, банкирлер, сарапшылар, саяткерлер жиналған. Ең бастысы, бүгінгі жиында Қазақстан өзін Орталық Азияның көшбасшыларының бірі ретінде көрсете алды. Және біздің бұрыннан белгілі саяси серіктестерімізден бөлек, өзге де елдер мемлекетімізді толығырақ тануға қызығушылық танытып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!