{metadescription}
Апат: Петропавлда көпқатты үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды
Апат: Петропавлда көпқатты үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды

Апат: Петропавлда көпқатты үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды

Петропавлда құбыр жарылып, мыңға жуық отбасы суық судан қағылды. Тіршілік нәрінен ажыраған нысандардың арасында көпқатты үйлермен қоса әлеуметтік нысандар да бар. Кешеден бері коммуналдық қызмет ақауды қалпына келтіруге жанталасып жатыр.

Алайда әлі үлгеретін түрі жоқ. Магистраль құбырының алғашқы аязға шыдас бермеуіне не себеп?

Кеше қаладағы негізі құбырдың бірі жарылған. Ондағы қысымның жоғары болғаны соншалық, жер астынан атқылаған су көшеге жайылған. Сол маң түгелдей көлшікке айналды. Көпқабатты үйлердің ауласы мен жертөлесі  суға толған. Су сорғыш көліктерін шұғыл шақыруға тура келген.

Ербол Нәбиев, «Қызылжар су» ЖШС бас инженерінің орынбасары:

- Аязға қарамастан, мамандар түнімен жұмыс істеді. Тезірек аяқтауымыз керек. Құбыр үлкен, су көп ақты, бәрін сорғызу қиын болды. Ақаудың неден болғанын анықтадық. Енді соны қалпына келтіріріп жатыр.

Апаттан кейін қысым төмендеп, бір мезетте қаланың бәрі суық судан ажыратылды. Бірер сағаттан соң біраз бөлігіне қайта қосылғанымен, тоғыз көпқабатты үйге әлі су жетпей тұр. Бұл тізімге балалар ауруханасы мен нан зауытын қосылған. Жанталасып жатып емдеу мекемесінің мәселесі шешілді. Ал наубайхана мен көпқабатты үйге су көлікпен жеткізіліп жатыр.

Ерлан Қайшыбеков, наубайхана директоры:

- Қамырды осы жеткізілген сумен илейді. Бізге тәулігіне 80 текше метр су керек. Су таситын көліктердің тәулік бойы тоқтамағы дұрыс. Біз артығымен алып, бөшкелерді толтырып қоямыз. Жұмыс тоқтамайды деген ойдамыз, халық нансыз қалмайды деп сендіргім келеді.

Жұрттың айтуынша, судан бөлек, кей нысандарға қирап қалу қаупі төнген. Мәселен, жертөлесіне су жиналған көпқабатты үйдің іргесі опырылуға шақ қалыпты. Мұнда жиналған су не сорылмай, не аяздан жерге сіңбей тұр.

Дариға Яркаева, Петропавл тұрғыны:

- Кілем, жиһаздар малмандай су болды. Көктемге дейін үйдің іргесі үгіліп кететін шығар. Көршінің еденіне төселген тақтайды алып көрдік, үңірейіп фундамент көрініп тұр, кірпіштері ағып кеткен. Бәрі қирайды. Су болған заттарды қалай құрғатамыз?

Жарылған негізгі құбырға былтыр жаңғырту жұмысы жүргізілген. Оған қазынадан 90 миллион жұмсалыпты. Бұл апатқа кім кінәлі екені әлі айтылмады. Шенділер тексеру жүргізіледі деп сендіреді. Дәл қазір қалада 600-ден астам отбасы сусыз отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.