{metadescription}
Жезқазған: Үйлер суықтан азынап, тұрғындардан береке қашқан
Жезқазған: Үйлер суықтан азынап, тұрғындардан береке қашқан

Жезқазған: Үйлер суықтан азынап, тұрғындардан береке қашқан

Жезқазған тұрғындары тоңып отыр. Қаладағы жылу электр орталығында істен шыққан екі қазандық бүгін ғана жөнделіп бітті. Бірақ бір аптадан бері берілген мардымсыз жылудан баспаналар азынап, тұрғындардан береке қашқан.

Жанерке Қожамсейітова Жезқазған тұрғыны:

- Жылу беру маусымы басталғалы жылу өте нашар. Біз тоқ пешпен  жылынуға мәжбүрміз. Бұл жағдай биыл бізде өте күрделі деп айтуға болады. Тұрғындар шығынға батты. Электрге, жарыққа, жылуға да ақша төлейді. Бұл жағдайды әкімшілік, ТЭЦ, ПТВС басшылығы біледі.  Үйімізде қарт кісілер бар.

Орталықтағы апат күннің күрт суытқан кезіне тұспа-тұс келді. Алдымен бір қазандық істен шығып, оны жөндеп бола бергенде, екіншісі тоқтапты. Сондықтан қалаға берілетін жылуды 15 пайызға азайтуға тура келген. Алайда тұрғындар пәтердегі жылу бұлар айтқаннан анағұрлым аз дейді. Күн суықта жылымшы сумен тұрған жүйе үйлерін суықтан азынатып жіберген. Оның үстіне жүйе құбырларының сыртқы қаптамасы тозып, ондағы ыстық су қалаға жеткенше суып кетеді. 

Салқын тиіп аурғандар да күрт көбейген. Қала билігі бүгіннен бастап қазандықтың бәрі іске қосылды, пәтерлер енді жылиды деп сендірді. Жылу толық берілмеген күндерге төлемақы қайта есептеледі.

Ерлан Құсайынов Жезқазған әкімінің орынбасары:

- Қазір бес қазандық іске қосылып жұмыс істеп тұр. Су температурасы 97 градус. Бұл қалыпты көрсеткіш. Отын қоры жеткілікті. Жылу электр орталығы штат режимінде жұмыс істеп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде