{metadescription}
Базалық мөлшерлеме 16,75 пайызға көтерілді, себебі ...
Базалық мөлшерлеме 16,75 пайызға көтерілді, себебі ...

Базалық мөлшерлеме 16,75 пайызға көтерілді, себебі ...

Базалық мөлшерлеме 16,75 пайызға дейін көтерілді. Осыдан бір жарым ай бұрын ғана Ұлттық банк 14,5 пайыздан 16 пайызға бірақ өсірген. Бұлай құбылуының бірнеше себебі бар.

Бірінші кезекте инфляцияның тоқтаусыз өсуі. Соңғы стастистикада мөлшері 18,2 пайызға дейін жеткен. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру да әзірге мүмкін емес. Әлем нарығында да әлі тұрақсыз. Өндіріс көлемінің азаюы да инфляцияға кері әсер етеді. Сондай-ақ тасымалдаудың қиындауынан бидай бағасы өскен. Сол себепті Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсіру туралы шешімді амалсыз қабылдайды. Онсыз инфляцияны тежеу қиын. Мамандардың айтуынша, базалық мөлшерлеме қаржы жүйесіндегі ақшаның құнын анықтайды. Сәйкесінше, ол несие мен депозит пайызының өсуіне әсер етеді.

Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасы:

- Осы шешім 2025 жылға дейін жаңартылған болжам мен нақты дерек  талдау негізінде қабылданды. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсіру циклын аяқтауға жақындады. Қабылданған шаралар қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономика субьектілерінің жинақтау белсенділігін қолдауға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.