{metadescription}
Ақтауда жарылыс болған пәтерде не жарылғанын айтпай отыр
Ақтауда жарылыс болған пәтерде не жарылғанын айтпай отыр

Ақтауда жарылыс болған пәтерде не жарылғанын айтпай отыр

Ақтаудағы пәтерлердің бірінде не жарылғаны әлі белгісіз. Оқыс жағдайдан сол үйде тұратын әскери қызметші ауыр жарақат алған. Алайда құзырлы орган өкілдері тұрғындардың зәресін алған жарылыстың неден шықанын айтпай отыр.

Нұрбол Шалабаев, Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ақтау қаласы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшісі үйінде белгісіз заттың жарылуы нәтижесінде жарақат алған. Әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мәнжайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Оқыс оқиға демалыс күні болды. Қатты дүмпуден үйдің терезесі шағылып көршілердің үрейін ұшырған. Құтқарушылар мен жедел жәрдемді де оқиға куәгерлері шақыртқан. Жарылыстан 34 жастағы азамат зардап шекті. Дереу ауруханаға жеткізілген науқастың қолын кесуге мәжбүр болдық дейді дәрігерлер. Көршілерінің айтуынша, әскери қызметкер бала-шағасымен аталған пәтерді жалдап тұрған. Көшіп келгеніне де бір апта болыпты. Қазір Маңғыстау облысының Қорғаныс департаменті жәбірленуші қызмет ететін әскери бөлімде қызметтік тексеру тағайындаған.

Есет Шахатбаев, Маңғыстау облысы ауруханасы травматология бөлімшесінің меңгерушісі:

- Травматолог тексеріп қарады. Реаниматолог ақыл-кеңес беріп, хирург, окулист жараны қарап, содан кейін шешім ота жасауға шешім шығарды. Жедел ота жасалды. Науқас қазір біздің травматология бөлімінде емделіп жатыр. Жағдайы орташа. Науқастың өзі жүре алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде