{metadescription}
Мас жігіттің кесірінен жолаушы қыз жаншылып, жан тапсырды – Ақтөбе
Мас жігіттің кесірінен жолаушы қыз жаншылып, жан тапсырды – Ақтөбе

Мас жігіттің кесірінен жолаушы қыз жаншылып, жан тапсырды – Ақтөбе

Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен жолаушы қаза тапты. Араққа сылқия тойып алған азамат Audi A-8 көлігімен қаланың қақ ортасында аударылып қалды.

Көліктің төңкеріліп қалғанын көрген куәгерлер жылдамдықты да шектен тыс асырған деп отыр. Абай даңғылының бойымен келе жатып қарсы жолдағы қоршауға соғылған. Сол сәтте көлігі аударылған. Жүргізушінің қасында отырған қыз жаншылып қалыпты. Ол жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Ал тізгіндегі жігіттің мас болғанын жол сақшылары айтып отыр. Оны сараптама да растаған. Қазір ол қамауға алынды.

Бағдат Өтемұратов, Ақтөбе облыы ПД инспекторы:

- Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде көлік айдаған. Жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Көлікті алкоголь, есірткі және уытқұмар масаң күйде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде