{metadescription}
Екібастұзда 10 шақты көпқабатты үй мен 70-ке жуық жеке секторда әлі жылу жоқ
Екібастұзда 10 шақты көпқабатты үй мен 70-ке жуық жеке секторда әлі жылу жоқ

Екібастұзда 10 шақты көпқабатты үй мен 70-ке жуық жеке секторда әлі жылу жоқ

Екібастұзда 70-ке жуық үйдің жылу желісі жөнделді. Қазір көппәтерлі үй ішіндегі жарылған құбырларды жаңалап жатыр. Тұрғындар болса, жұмыстың өнбей жатқанына өкпелі. Бұрынғысынша суық баспанасына түней алмай жүр. Жергілікті коммуналдық мекеме пәтердегі жылу құбырын ауыстыру шығынын өзіміз көтереміз деп уәдені үйіп-төгуде.

Үш баланың анасы Айман Уайсова «бұл қысты өмірімде ұмытпаспын» деп отыр. Тоғыз күн бойы баспанасында бойы жылымай әлі тоңып отыр. Түнде үйіне жылу берілгенімен, пәтердегі құбырлар жарылған. Батареядан ыстық су атқылап үй ішін бүлдіріпті.

Айман Уайсова, Екібастұз тұрғыны:

- Жылусыз отырғанымызға тоғыз күн болды. Түнде жылу берілді. Бірақ үйде жарылған құбырлар әлі бүтінделген жоқ. Міне, пәтерде суық азынап тұр. Үрлесең, аузыңнан бу шығады. Неше түрлі бригада келіп кетеді. Бәрі «қатырамыз» деп уәде береді. Бірақ орындап жатқан ешқайсысы жоқ.

Жылусыз қалған Екібастұзға мыңға жуық маман келген. Қазір олар бригадаға бөлініп үш кезекпен жұмыс істеп жатыр. Орталық жылу желісін реттеп, енді үйлердің ішіндегі радиатордан бастап, мұз болып қатқан құбырларды жаңалайды. Оған кеткен шығынды коммуналдық мекеме өз мойнына алған.

Аян Бейсекин, Екібастұз әкімі:

- Бригадаларға оңай емес. Тоңып отырған халыққа көмек беруге келген жұмысшылардың еңбегі ерен. Күнітүні кезектесіп жұмыс істеп жүр. Қазір жылу желілеріндегі біраз жөндеу жұмысы бітті. Бәрін қалпына келтіріп жатыр.

Жылу желісін жөндеп жатқан жұмысшылар үшін көпқабатты үй ауласында асхана ұйымдастырылған. Ал тұрғындарға жарылған батареяларының орнына жаңа радиотор таратып жатыр. Жергілікті билік «жетпей қалады» деп даурықтырып жүрген алып-қашпа әңгімеге сенбеңдер деп ескертуде. Себебі, қазірдің өзінде қалаға үш мыңдай радиатор әкеліпті. Сондай-ақ тұрғындарға 14 жылынатын орын жұмыс істеп тұр. Осы жерден тамақ ішіп, түнеуге де болады.

Жергілікті билік барлық  үйге жылу бердік деп есеп берді. Бірақ 10 шақты көпқабатты үй мен 70-ке жуық жеке сектордағы жер үйде әлі жылу мәселесі шешілмеген. Суды да жұрт тасып ішіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.