Ақтөбе иесіз ит-мысықтарға чип таға бастады
Ақтөбе иесіз ит-мысықтарға чип таға бастады. Қаңғыған жануарларды піштіріп, құлағына микросхеманы жазда орнату керек еді. Бірақ қаржы мәселесі жарты жыл бойы шешілмей кедергі болған.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.12.2022
Иесіз иттердің 12 жастағы Мадияр Шәкіратты талап өлтіргенін ақтөбеліктер әлі ұмытқан жоқ. Сол кезден бері қаңғып жүрген бұралқы иттерді құртсын деп, тұрғындар талап қойған. Бірақ жануарларды қорғауға арналған заң кедергі болды. Тек қана аулап, енді күшіктемейтіндей ота жасауға ғана болады. Ветеринарлар оған жазда әзір болған. Бірақ қазынадан ақша бөлінбей, тек жыл аяғында ғана чип орнатуға рұқсат берген. Алдымен иесіз жүрген ит-мысықты көшеден аулап алып арнайы орынға әкеледі. Осы жерде бірден ота жасап, құлағына микросхема салады. Бірақ санаулы күннен соң қайта босатады. Кейін аулаған кезде осы чип арқылы қандай ит-мысық екені анықталады. Мамандар, бұралқыларға кастрация жасау адамды енді қаппайды дегенді білдірмейді деп отыр. Тек көбеюін ғана шектейді екен. Енді жыл соңына дейін 500 бұралқы итті стерилизациядан өткізу керек.
Алпамыс Тұрым, Ақтөбе ветеринария бекетінің директоры:
- Стерилизация деген қиын операция. Ол екі жарым сағатқа дейін созылады. Содан кейн бақылауда болады. Сегіз күн ғой. Он күнде де жазылмай жатса, жібермейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!