{metadescription}
Ақтауға екі күн ыстық су бере алмаған шенеуніктерге сөгіс жарияланды
Ақтауға екі күн ыстық су бере алмаған шенеуніктерге сөгіс жарияланды

Ақтауға екі күн ыстық су бере алмаған шенеуніктерге сөгіс жарияланды

Маңғыстау облысының әкімі Ақтау тұрғындарын екі күннен бері ыстық сумен қамтамасыз ете алмай отырған шенеуніктерге жаппай сөгіс жариялады.

Ақтауда апта басынан бері ыстық су жоқ. Тіпті кей тұрғын үйлерде жылу да тоқтаған. Осыған ашуланған Нұрлан Ноғаев өзінің орынбасарына, энергетика саласына жауапты басқарма басшысы мен қаланы жылу және сумен қамтып отырған «МАЭК» Серіктестігінің басшысы мен орынбасарына сөгіс жариялады.

Жауаптылардың айтуынша, Ақтау қаласына құбырмен берілетін су көлемі соңғы кездері 10-нан 16 мың текше метрге дейін артқан. Сондықтан комбинат басшылығы осы қысымды жоғалтып алмас үшін ыстық суды өшіруге мәжбүр болдық дейді. Алайда мұндай сырғытпа жауап облыс әкіміне ұнаған жоқ.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Ешқайсысы шешім қабылдағысы келмей отыр. Жаңа Дүзмағамбетов «мен шешім қабылдамаймын» деп айтып қояды. «Себебі ертең бәрі маған дүрсе қояды» дейді. Мына жақта Есентүгелов отыр, «мен шешім қабылдамаймын» деп. Анау жақта анау отыр. Мына жақта мынау отыр. Ешқайсысы істегісі келмейді. Жауапты адамды іздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.