{metadescription}
Шымкентте бүтін бір шағын аудан екінші қыс жылусыз отыр
Шымкентте бүтін бір шағын аудан екінші қыс жылусыз отыр

Шымкентте бүтін бір шағын аудан екінші қыс жылусыз отыр

Шымкентте Шымсити деп аталатын бүтін бір шағын аудан жылусыз отыр. Қолдануға берілгеніне екі-ақ жыл болған 9 және 12 қабатты 37 үйдің тұрғындары осымен екінші қыс бүрсең қағып отыр – пәтері  жарытып жылымайды.

Осыны айтып шулағанда ғана құбырлар қол тигізбестей ысып, кейін жылу қайта жоғалапты. Тексеріс келгенде ғана ысып, кейін қайта суып кететін үйлердің тұрғындарымен КТК тілшісі тілдесіп келді. 

Бір бөлмелі пәтерге былтыр ғана қоныстанған бұл отбасы қыс келсе мазасы кетеді. Өйткені жылуы мардымсыз. Суық тиген ұлын кеше ғана ауруханадан шығарған Перизат Битабарова ұлдарының дәрісін беріп, қымтап, өзі үйді жылытудың әрекетін жасайды. Газбен жылытқыш пешін қосып, терезесін жылылап әлек. Әйтпесе баспана іші суықтан азынап кетеді.

Перизат Битабарова, Шымкент тұрғыны:

- Жылу жоқ. Жылуды 24 сағат бойы қосып отырмыз электрге. Электрге ақша төлейміз, ожылуға да ақша төлейміз. Балалардың дәрісі бар. Ақшаны қалай жеткіземіз ақшаны?!

Ал көрші үйдегі пәтердің іші былтыр жылу болмаған соң көгеріп кеткен. Ол кезде туыстарының үйін паналаған отбасы биыл несиеге алған пәтеріне амалсыз көшіп келіпті. Бірақ баспана деген аты болмаса, мұз құрсауда тұрғандаймыз дейді үй қожайыны.

Сымбат Бегалиева, Шымкент тұрғыны:

- Үйіміз суық, үйде осылай сырт киіммен қалпақпен жүреміз. Үш балам бар. Үшеуі де кішкентай. Егіз балам бар. Батареяларының түрі мынау. Бір дәу бөлмеге осы жете ме, үш бөлмелі бөлмеге! Қатты жаурап кеттік. Уһ дегеннен ауыздан бу шығады үйде. (жылайды)

Шымсити шағын ауданындағы 37 көпқабатты үйдің бәрінде осындай жағдай. Шенеуніктер мұны жақсы біледі дейді тұрғындар. Себебі, былтыр да жаураған жұрт ұлардай шулаған кезде келген жылу орталығының басшылары мен әкім-қаралар тұтас аудан бір қазандыққа тәуелді екенін айтып, қосымша қазандық қоямыз деп, ұмытыпты. Бір қызығы, мұнда жылу шенеуніктермен бірге келіп, бірге кетеді екен.

Ғабит Төлепбергенов, Шымкент тұрғыны:

- Бұлардың істеп жатқаны – көзбоушылық! Мысалы, өстіп әкімшіліктен, журналистер келген кезде үй жылиды. Олар кеткен соң, 4045 минуттан кейін қайтадан салқындап кетеді. Былтыр Астанадан сарапшылар шақырған кезде қазандықтың жылуы, қуаты осы тұрған үйлерге жетпейді деді. Сол кезде қазандыққа тағы біреуін қосамыз деп уәде берген. «Қосамыз» деген, бірақ күн жылығаннан кейін ұмытып кетті. Биыл тағы сондай жағдай, әкімшіліктен адам келеді, үй жылиды, әкімшілік кетеді, үй суып кетеді.

Ал таңертеңнен бері Шымситидегі үйлерді тексеріп жүрген шенеуніктер «Шымкент екінші Екібастұз болмайды» дейді. Десе де әзірге жылудың жоғалуын жорамалдап қана отыр.

Мақсұт Исахов, Шымкент әкімінің орынбасары:

- Алдын ана жобалауымыз бойынша, бұл жерде екі себеп болуы мүмкін. Біріншісі, электрдегі ақаулар, фазалар ауысып кетуі мүмкін. Қазір мамандарды шақырдық. Электрик мамандар, сонымен айналысамыз. Ол бірекі сағатта белгілі болуы керек. Нәтижесін көрсетуі керек. Егер ол болмаса, онда біздің мамандардың айтуынша, жылу ауыстыру деген ққұрылғы бар, суды айналдыратын, соның қуатын көбейту керек шығар деген.

Басшылар әзірге нақты себебін білмесе де, бүгін түнде Шымиситеді үйлердің бәрінде жылу болады деп сендірді. Бірақ шенеуніктердің сөзі батареядағы жылу сияқты өзімен бірге жоғалады деген тұрғындардың әзірге уәдеге сенуден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.