{metadescription}
Қарағандыда мүгедек балаларға берілетін 30 мыңдық аяқ киімнің сапасы өте нашар
Қарағандыда мүгедек балаларға берілетін 30 мыңдық аяқ киімнің сапасы өте нашар

Қарағандыда мүгедек балаларға берілетін 30 мыңдық аяқ киімнің сапасы өте нашар

Қарағандыда мүгедек балаларға мемлекет есебінен берілетін арнайы аяқ киімдердің сапасы сын көтермейді. Жарымжандарды жетектеп жүрген ата-аналар балаға арналған етік қалай болса солай тігілген, киюге мүлде жарамсыз дейді.

Виктория Клюкач, Қарағанды тұрғыны:

- Кейде үлкен аяқ киім келеді. Бірде кішкентай, сыймайды. Былғарысы қалың, иілмейді, икемсіз. Табаны тастай, қатып қалған. Бір сөзбен айтқанда, қалай болса солай тігілген. Бірақ бағасы 30 мың теңге.  Бюджеттен мына ебедейсіз аяқ киімге осынша ақша төлейді. 

Қарағандыдағы мүгедек балалардың аналары қоғамдық бірлестігі осы меселені айтқанына бірнеше жыл болған дейді. Арнайы аяқ киімді ата-аналар тек әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы тапсырыс беріп алдыра алады. Ал онда тіркелген өндірушілер саусақпен санарлық. Сондықтан арасынан өзі таңдағанына тапсырыс береді. Екеуара келісімнен кейін аяқк иімнің құны бюджеттен төленеді. Бірақ тігілген етік сапасыз болып шығады. Сондықтан ата-аналар арнайы аяқ киімді басқа жерден өз ақшамызға сатып алуға мәжбүрміз дейді. Ослай болмас үшін олар бюджет қаражаты әр балаға қолма-қол ақша қып аударылса деп отыр. Бірақ шенеуніктер бюджет ақшасын бөлудің ортақ тәртібі өзгермейді деді. Сондықтан талапқа сай келмеген өнімді алмай қоюға қақысы бар.

Айгүл Сүлейменова, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: 

- Орындаушыны сапалы өнім жеткізуге ынталандырудың механизмі бар. Егер тапсырыс берушіге өнім сапасы ұнамаса, біріншіден, оны қабылдамау керек. Сонда ол келесіде сапаға көңіл бөледі. Екіншіден, олардың үстінен арыз-шағым жазылады. Сол арыздар негізінде ол мекемені жауапсыз орындаушылар реестіріне енгізуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде