«Елбасы академиясы»: Сарапшылар балалармен жұмыс істеудің замануи тәсілдерімен бөліседі
Әр бала – тұтас бір әлем. Олардың тұлға қабілетін ашып, дұрыс бағыт-бағдар беру заман талабы. Осы мақсатта өнімді еңбек етіп жүрген психологтар Астанада бас қосты. «Елбасы академиясы» корпоратив қорының қолдауымен ұйымдастырылған екі күндік семинарда әр өңірден келген сарапшылар мен сала мамандары 5-тен 17 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істеудің замануи тәсілдерімен бөліседі.
Автор: Айғаным Достанбай
06.12.2022
Гүлім Асхатқызы, Балаларды және жастарға диагностика жасау, дамыту орталығының басшысы:
- Мектепте жұмыс істейтін психологтар бар. Бізде әр дарын орталығында Қабілет қызметі ашылған. Соның ішінде бізде арнайы қызметкерлер отыр, психологтар. Жыл сайын оларға оқыту семинарын өткізіп, авторлық бағдарламалармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретеміз, оқытамыз.
Қабілет қызметінің авторлық бағдарламасын еліміздің белді жоғарғы оқу орындарындағы ғалымдар мен профессорлар арнайы жазып шығарған. Шет мемлекеттер тәжірибесі негізге алынғанымен, кей тұсын өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге сай етіп өзгертуге тура келіпті. Онда балаларды қолдаудан бөлек, оқушының қай салаға бейім екенін анықтайтын диагностика топтастырылған. Бүгінде Қабілет платформасына 250 мың бала тіркеліп, оның 165-і арнайы тестілеуден өткен. Орталыққа қарасты психологтар ата-аналарға да кеңес берумен айналысады.
Гүлмира Ниетбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, оқытушы:
- Біз диагностика кезінде, қабілетті дамыту кезінде осы жас ерекшелігіне сүйеніп, эмоционалды интеллектіні, қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған жұмыс жүргіземіз. Егер де баланың бойында қабілетті диагностикалап, кешенді түрде ата-аналары, мұғалімдер сол баланың бойындағы қабілетті айқындап, соны дамытуға жұмыс жүргізсе, бала сол әрекетпен айналысып, ойы да, уақыты да, энергиясы да соған бағытталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!