{metadescription}
ЖЭО учаске басшысының өліміне қызметінің қатысы жоқ – Екібастұз
ЖЭО учаске басшысының өліміне қызметінің қатысы жоқ – Екібастұз

ЖЭО учаске басшысының өліміне қызметінің қатысы жоқ – Екібастұз

Екібастұздағы жылу электр орталығының учаске басшысының өліміне қызметінің қатысы жоқ. Қайғылы оқиға отбасындағы ұрыс-керістен болған дейді тәртіп сақшылары.

Рашад Өтеуов, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары:

- Екібастұз қаласының Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның мәнжайын анықтадық. 33 жастағы ер адамның денесі Екібастұздағы гараждардың бірінде жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы бар жеке автокөліктен табылды. Алдын ала мәліметте бұл жағдай отбасында болған жанжалдан және марқұмның қызметіне байланысы жоқ.

Марқұмның өлі денесі қаладағы гараж кооперативтерінің бірінен табылған болатын. Сарапшылар ұрып-соғу, пышақ жарақаты немесе басқа да зорлық-зомбылық іздері жоқ деп отыр. 33 жастағы азамат бірнеше жыл бойы жылу электр орталығында жұмыс істепті. Қызметіне станциядағы жөндеу жұмысын жүргізу кіреді екен.

Полицейлер қазірден-ақ оның өліміне қызметін байланыстырғысы келмейді. Айта кетейік, Екібастұз халқы тоғыз күннен бері тоңып отыр. Комманалдық апатқа қатысты прокурорлар іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде