{metadescription}
Петицияға қол жинаудың жаңа тәртібі бекітіледі
Петицияға қол жинаудың жаңа тәртібі бекітіледі

Петицияға қол жинаудың жаңа тәртібі бекітіледі

Елде петиция жариялап қол жинаудың жаңа тәртібі бекітіледі. Талап-тілегін білдіргісі келетіндерге арнайы сайт та әзірленбек. Бүгін Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.

Жаңа ережеге сәйкес, азаматтар арнайы сайтта өз өтінішін айтып петиция жариялайды. Оған 20 жұмыс күні ішінде кемінде 150 адам қол қоюы керек. Сонда ғана петиция заңды деп танылып, ол ресми тіркеледі.

Бұл ретте үкіметтегілер АҚШ, Өзбекстан секілді мемлекеттерді үлгі етіпті. Ал тұрақты интернеті жоқ ауыл азаматтары электронды цифрлық қолтаңба арқылы жергілікті әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталығына барып қажет петицияға қолын қоя алады. Оны уәкілетті орган міндетті түрде қарау үшін дауыстың шекті саны бар.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Аудан әкімдіктері, халқы 50 мыңнан асатын болса, 2,5 мың дауыс, қалғанына халық саны кемінде 5 пайыз болуы керек. Аудан деңгейінде, Мәслихат, халқы 50 мыңнан асатын болса, 5 мың дауыс, қалғанына халық санының кемінде 10 пайызы. Облыс әкімдіктері тиісті әкімшілік-аумақ тұрғындарының 1 пайыз дауысы. Облыс деңгейінде Мәслихат тиісті әкімшілік-аумақ халқының кемінде 2 пайызы. Республикалық деңгейде, Үкімет кемінде 50 мың дауыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.