{metadescription}
Полицейлермен төбелескен 8 адам сотталды – Жамбыл облысы
Полицейлермен төбелескен 8 адам сотталды – Жамбыл облысы

Полицейлермен төбелескен 8 адам сотталды – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында полицейлерге күш көрсеткен 8 адам сотталды. Олардың алды 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Арасында екі бойжеткен бар. Өйткені олар да тәртіп сақшылары мен жастар арасындағы кикілжіңге қатысқан. Ал сол кезде құзырлы орын өкілдері өзін қорғау үшін қарудан оқ атуға мәжбүр болған.

Оқиға 7 мамыр күні Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Түнде патруль полициясы мемлекеттік нөмірі жоқ жеңіл көлікті тоқтатып құжатын тексермек болады. Ал машинадағы азаматтар полицейлерге бағынбай қарсылық көрсеткен. Соңы жапай төбелеске ұласқан. Тәртіп сақшылары аспанға оқ атып, бұзақылардың бетін әзер қайтарған. Құзырлы орын өкілдерінің денесін жарақаттаған сегіз адам қамауға алынған. Сот біреуіне де кешірім бермеді. Ең белсенділері 8 жыл арқаласа, кейбірі 3 жылға түрмеге тоғытылды. Сол кезде бір күдікті оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Кейін ол да қолға түсіп, қазір оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде