{metadescription}
«Арселор Миттал» комбинатында тағы бір жұмысшы қаза тапты – Теміртау
«Арселор Миттал» комбинатында тағы бір жұмысшы қаза тапты – Теміртау

«Арселор Миттал» комбинатында тағы бір жұмысшы қаза тапты – Теміртау

Теміртаудағы «Арселор Миттал» комбинатында тағы бір жұмысшы қаза тапты. Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Олар адам өліміне әкелген еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылу бабы бойынша тергеуді бастаған.

Компаниядағылар апаттың жай-жапсарын жария етуге, әдеттегідей, құлықсыз. Тек қайғылы жағдай кокс-химия комбинатында болғанын тілдей қағаздағы бір сөйлемге сиғызыпты. Сондықтан 40 жастағы жұмысшының қандай жағдайда қаза тапқаны белгісіз. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қараша айының басында ғана Ленин атындағы шахтада метан газы жарылып бес кенші көз жұмған. Содан бері қоғамда компания жұмысына қатысты айтылған сыни пікірлер толастар емес. Үкімет те «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатысты қатал шешім қабылдауға дайын.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Президент тапсырмасымен осы мәселеде бір емес, бірнеше комиссия құрылды. Олардың ұстанымы өте қатал. Менің ойымша, олардың жұмыс қорытындысын жақын арада көресіздер. Мұнда тек жекелеген қызметкерлер ғана емес, компания басшылығына қатысты нақты  шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде