Кәсіпкерлер дәріханаларды еуростандартқа көшіру талабына наразы
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі барлық дәріханадан еуростандартқа көшуді талап етіп жатыр. Бұл талап кәсіп иелеріне 2018 жылы айтылып, жаңа жылдың бірінші айынан күшіне енуге тиіс болған. Алайда уақыт жақындағанда кәсіпкерлер наразы болып отыр.
Автор: Әзиза Төленби
08.12.2022
Олардың айтуынша, еуростандарттың талабы көп. Сәйкесінше, шығыны да шаш етектен дейді.
Камила Кобиридзе, Дәріханалар қауымдастығының төрағасы:
- Қазір елімізде көтерме бағамен дәрі келетін кәсіп екі үлкен дүкен бар. Біз оларға ілесе алмаймыз. Олардың бағасы да арзан. Инфлияция, геосаяси жағдай әсер етіп, кәсіпті жүргізу қиындап барады. Мысалы, былтыр Алматы облысында 100-ге тарта кішкентай дәріханалар жабылып қалды. Енді мына еуростандарттың сұрауы тіпті қиын.
Еуростандарт бойынша дәріхана аумағы 30 шаршы метрден кем болмауға тиіс. Ал дәрілер екі түрлі мұздатқышта сақталуы керек. Әрі ем алатын жеке бөлме, мүгедектерге пандустар да болу талап етіледі. Дәріханашы ем іздеп келген адамға тек дәрігердің тағайындауымен дәрі сату қажет. Ал бізде соңғы уақытта ақшаға қызығып, сұрағанды бере берген дәріханашылар көбейген. Заңсыз сатылған препараттардың ішінде психотроптылары да бар. Айыппұл арқалағаны қаншама. «Бұл лицензиядан өтудің жаңа форматы, қорқудың қажеті жоқ» - дейді министрлік өкілі. Төрт жыл бұрын ескертілсе де, еліміздегі 10 мың дәріхананың 500-і ғана жаңа стандартқа өткен. Сондықтан министрлік уақытты тағы созу мәселесін қарастыруы да мүмкін.
Ләззат Қашқымбаева, Медицина-фармацевтика қызметін бақылау комитеті басшысының орынбасары:
- 2021 жылы 84 миллионнан аса айыппұл салынған. Оның ішінде дәрілік заттарды дұрыс сақтамау, дәріні рецепсіз сатқаны, фармацевт емес, басқа мамандар жұмыс істегені, нашақорға дәрілік затты рецепсіз сатқаны, жұмысын дұрыс атқармай жатқаны бойынша.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!