{metadescription}
Жеңіл көлікпен мұз астындағы суға кеткен зейнеткердің денесі табылды – ШҚО
Жеңіл көлікпен мұз астындағы суға кеткен зейнеткердің денесі табылды – ШҚО

Жеңіл көлікпен мұз астындағы суға кеткен зейнеткердің денесі табылды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында мұз жарылып, жеңіл көлікпен бірге суға кеткен 72 жастағы зейнеткердің денесі табылды. Екі күн бойы іздеген сүңгуірлер оны 20 метр тереңдіктен алып шықты.

Суға батып кеткен көлік пен оның ішіндегі зейнеткердің денесін іздеуге 23 адам жұмылдырылған. Сүңгірулер екі күнде Бұқтырма су қоймасының түбін тоғыз мәрте сүзіп шығыпты. Сақырлаған сары аяз бен су астындағы қараңғылық жұмысқа кедергі болған.

Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні «Қызыл ту»  өткелінде болды. Мерседес көлігінің жүргізушіcі паромды күтпей, жұқа мұздың үстіне шығып кеткен. Осы кезде мұз жарылып, ішінде бес адамы бар техника суға батып кетті. Төрт азамат өздері жүзіп шыққанымен, 72 жастағы әйел суға кеткен. Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде