Шымкентте көпқабатты үйде болған жарылыстан құрылысшы зардап шекті
Шымкентте көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам зардап шекті. Дереу ауруханаға жеткізілген науқастың айтуынша, ол бірінші қабатта құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан.
Автор: Бек Әбиев
08.12.2022
Тұрғын үйдің бірінші қабатын коммерциялық нысанға айналдыру үшін құрылыс жүргізілген. Осы кезде газ баллонынан ақау шығып атылған, бірақ баллонның өзі жарылмаған. Әйтпесе тұрғын үй үйіндіге айналар еді дейді құтқарушылар. Ғимаратта жұмыс істеп жүрген 20 жастағы құрылысшы ауыр жарақат алды. Денесінің 40 пайызы күйіп кеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.
Мәдина Ермаханбетова, Т.Орынбаев атындағы Гипербария оксигенация орталығының бас дәрігері:
- Науқастың басы, мойны, аяқ-қолы, жамбасы күйген. Жансақтау бөлімінде инфузия емін алып жатыр. Көп жарақатына байланысты антибиотиктер терапиясын алып жатыр. Жарасын таңып-байладық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!