{metadescription}
Оралда әкімдік пен қалбыр зауыты соттасқанына екі жылдан асты
Оралда әкімдік пен қалбыр зауыты соттасқанына екі жылдан асты

Оралда әкімдік пен қалбыр зауыты соттасқанына екі жылдан асты

Түйіні шешілмеген түйткіл! Оралда әкімдік пен қалбыр зауыты арасындағы текетірес жалғасып жатыр. Сот әзірге бұл мәселені бір жақты ете алмай келеді. Ал соңғы отырыста тараптарға медиация  келісіміне келу ұсынылған. Бірақ екі жақ та ортақ мәмілеге келуге қарсы.

Бақытжан Базарбек, заңгер:

- Пікірталастан кейін сот шешімінің алдында сот тараптардың арызынсыз тараптарды ымыраға шақыру және істі тоқтата тұру, ол материалдарды үкіметке жіберу, үкіметтің ойын тыңдау, үкіметтің позициясын тыңдау, үкіметтен жауап алу, бас прокуратурадан жауап алуды біз бірінші рет көріп отырмыз. Бұл заңда көрсетілмеген дүние.

Оралда екі гектар жерге қатысты даудың созылғанына екі жылдан асты. Өндіріс аумағына қала әкімдігі тұрғын үй салуға заңсыз рұқсат берген дейді шағымданушы тарап. Қазір ол үйде 100 шақты отбасы тұрып жатса, тағы 300 үлескер құрылыстың аяқталуын күтіп жүр. Ереже бойынша тұрғын үйлер санитарлық аумаққа салынбауға тиіс. Егер сол салынған баспаналар заңдастырылса, «Кублей» зауыты экологиялық лицензиясынан айырылып, 700 адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бітіспес даудан кейін әкімдіктегі бірқатар лауазымды қызметкер жауапқа да тартылыпты.

Әсел Берқалиева, БҚО прокуратурасының ресми өкілі:

- Облыс және Орал қаласы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша қала әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары және жеке кәсіпкер Ирменов тәртіптік пен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз. Заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде