{metadescription}
«Алтын тобылғы»: 120 автордың ішінен іріктілген үздіктер марапатталды
«Алтын тобылғы»: 120 автордың ішінен іріктілген үздіктер марапатталды

«Алтын тобылғы»: 120 автордың ішінен іріктілген үздіктер марапатталды

120 автордың ішінен іріктілген үздіктер марапатталды. Елордада жыл сайынғы «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды. Кіл мықтының ішінен суырылып шыққандар бес аталым және екі арнайы номинацияда жүлде берілді.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Биыл бес номинация және бір арнайы номинация бойынша жұмыс істедік. Үздік поэзия, үздік проза, үздік драматургия, балалардың үздік шығармасы. Және фантастика жанрындағы үздік шығарма. Бұдан бөлек, «Ел мұраты тәуелсіздік» деп аталатын арнайы номинация бар.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы әдебиетшілердің қазақ және орыс тіліндегі туындысы таңдап алынған. Қазылар алқасының құрамында ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, режиссерлер, журналистер бар. Әр аталым бойынша дара шыққандар 3 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйақымен марапатталды. Болашақта жеңімпаз шығармалардан арнайы жинақ жарық көреді. Және театр сахнасында қойылымға айналуына да мүмкіндік жасаймыз дейді ұйымдастырушылар.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Алтын тобылғы» әдеби байқауы биыл сегізінші рет өтті. Жеңімпаздар туындыларында қазақ халқының кешегісі мен бүгінін түгел қамтыпты.

Ғылымнұр Кәдірбай, байқау жеңімпазы:

- «Тыныс» деген повесті мен ұзақ уақыттан бері ойлап жүрдім. Үш-төрт жыл бойы ойлап жүрдім былтыр қағазға түсіріп қойғам. Бұл енді үлкен бір дүниенің бір бөлімі болатын. Роман жазсам деп ойлағанмын. Жырмасыншы ғасырдағы қазақ өмірін түгелдей қамтиды. Біз нені жоғалттық, қандай рухани дүниелерді жоғалттық? Қазақ қандай ұлттық болмысын жоғалтты, неден айырылды, нені толықтырды? Соның бәріне жауап береді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.