{metadescription}
Астанада әкім – Жеңіс Қасымбек, Қарағанды қаласына – Ермағанбет Бөлекбаев
Астанада әкім – Жеңіс Қасымбек, Қарағанды қаласына – Ермағанбет Бөлекбаев

Астанада әкім – Жеңіс Қасымбек, Қарағанды қаласына – Ермағанбет Бөлекбаев

Астанада жаңа әкім. Бүгін президент жарлығымен бұл лауазымға Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Бүгінге дейін ол Қарағанды облысын басқарған. Ал Қасымбектің орнына Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев жайғасты. Облыс активіне жаңа әкімді Үкімет басшысы таныстырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Сіздер бүгін таңдаған кандидат Ермағанбет Қабдулаұлы осында тұратын халықтың әлауқатын арттыру үшін күш жігері мен білімін жұмсайды деп сенеміз. Өз тарапымыздан Үкімет, әрине, бұл үшін барлық керекті көмек көрсетеді.

Тәртіп бойынша, Мәслихат депутаттары қарауына екі кандидат ұсынылды. Сөйтіп 47 жастағы Бөлекбаев басым дауысқа ие болды. Ал Жеңіс Қасымбек әкім лауазымын бас қалада жалғастырады. Сөйтіп үш жылдан кейін Астанаға қайта оралып отыр. Елорданы бүгінге дейін басқарған Алтай Көлгіновтың қайда баратыны әзірге белгісіз. 

Астанадағы ауыс-түйіс бұл ғана емес. Бүгін Жоғарғы соттта да жаңа төраға. Асламбек Мерғалиев Жақып Асановты алмастырды. Президент ұсынған жаңа төрағаның кандидатурасын Сенат депутаттары қолдады. 50 жастағы Асламбек Мерғалиев бүгінге дейін Ақтөбе облысы сотының төрағасы болған. Жалпы сот жүйесінде 20 жылдан аса қызмет етіпті.

Асламбек Мерғалиев, Жоғары сот төрағасы:

- Сот төрелігін ҚР Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей, бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде