Қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айырбастап келгендер сотталды – Қарағанды
Заңды белшесінен басқандар заңды түрде жаза арқалады. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының соты қылмыстық жолмен келген қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастауға көмектескендерге үкім шығарды. 20 азамат ҚР ҚК 216 және 245 бабы бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге сотталған.
Автор: Елдос Есенбол
09.12.2022
Биыл шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір топ азаматқа қатысты тергеуді аяқтаған. Олар кәсіпкерлерге заңсыз келген 135 миллиард теңге қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектесті, сондай-ақ салықтан жалтаруға жәрдемдесті деп айыпталған. Қылмысқа 300 адам, 500-ге жуық жалған компания тартылған. Арасында шетел азаматтары да бар. Аталған қылмысты тергеу нәтижесінде елдегі көлеңкелі экономикаға қарсы жұмыстың жүйесі құрылды дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Бұл бағыттағы істер әлі де жалғасатынын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!