{metadescription}
Алтай Көлгінов жаңа қызметке кірісті – премьер-министр орынбасары
Алтай Көлгінов жаңа қызметке кірісті – премьер-министр орынбасары

Алтай Көлгінов жаңа қызметке кірісті – премьер-министр орынбасары

Есілдің оң жағалауынан сол жағалауына ауысты. Күні кеше Астана қаласының әкімі лауазымынан босатылған Алтай Көлгінов бүгін жаңа қызметке кірісті. Енді ол премьер-министрдің орынбасары. Көлгіновке дейін бұл қызметті қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов атқарған.

Алтай Көлгінов бас қаланың басшысы болып үш жарым жыл істеді. Өзі әкім болған уақытын жылы естеліктерімен байланыстырып, елордалықтармен әлеуметтік желі арқылы қоштасты. Бірақ Көлгіновтің қызметі кезінде қоғам тарапынан сынға аз ұшыраған жоқ. Жыр болған жемқорлық ескерткіші ЛРТ құрылысы сол күйі жылжымады. Бас қаланы қалың қар басып, уақтылы тазаланбағанына да тұрғындар біраз шағым айтқан. Көктемде ол «көлге» айналып, елордының бірнеше көшесін су басқан. Жоспарсыз салынған көпқабатты үйден қаланың тығыздығына қатысты шағымнан да көз сүрінді. Енді вице-премьер ретінде Алтай Көлгінов бүкіл елдің әлеумет мәселелеріне жауап береді. Айта кетейік, кеше ғана бас қаланың басшысы лауазымына Қарағанды облысының экс-әкімі Жеңіс Қасымбек тағайындалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде