{metadescription}
Ақтөбеде газ жетіспеуінен жылусыз қалғандар көп
Ақтөбеде газ жетіспеуінен жылусыз қалғандар көп

Ақтөбеде газ жетіспеуінен жылусыз қалғандар көп

Ақтөбеде жеке сектордағы үйлер жылымай жатыр. Себебі: құбырдағы газ қысымы түсіп кеткен. Соның салдарынан тұрғындар қақаған қыста тоңып отырмыз деп арыздануда. Тек бір ықшамаудан емес, қаланың әр бөлігінде көгілдір отынның жетіспеуінен жылусыз қалдық деушілер көп. КТК тілшісі тоңып отырған тұрғындардың жағдайын біліп қайтты.

Газ шығатын кен орындарының түбінде отырған Ақтөбенің тұрғындары электр пешіне жылынуға мәжбүр. Бұған дейін жеке секторда жылуға қатысты мәселе болмаған. Биыл ала-бөле көгілдір отынның қысымы түсіп кетіп, жер үйде тұратындар сақырлаған сары аязда шаңырақтарында бүрсеңдеп отыр.

Кәрім Тілеуов, Ақтөбе тұрғыны:

- Газдың қысымы төмен. Газымыз жанбайды. Тоңып отырмыз. Қанша қиын болғанда, үйімізде газ әлсіз, үйіміз жылымайды. Үйде сырт киіммен жүрміз.

Алтынгүл Ықметтуллаева, Ақтөбе тұрғыны:

- Газ керек. Газдың қысымын көбейту керек болып тұр. Үй суық. Балаларымыз ауырып жатыр. Үш немерем бар. Желшешек шығып жатыр. Газ мүлдем жоқ.

Газдың қысымы түсіп кеткенін газ шаруашылығына жауапты мекеме өкілдері де жасырмайды. Оны аяздың күшюімен байланыстырып отыр. Қазір сынап бағанасы Ақтөбеде 27-30 градус суық. Ал газ сапасына еш мін жоқ деп ақталады. Сондықтан қысымды қазір барынша көтеріп жатыр екен.

Серік Қыдыров, «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ АФ директорының міндетін атқарушы:

- Шығын көп. Мұндай шығын Ақтөбеде 306 мың сағаттың үстіне шығып кеттік. Газ көп кетіп жатыр. Сондықтан қысымы азайып жатқаны рас. Бірақ ол «Қазтрансгазаймақтың» желісінен бұл жерде еш проблема жоқ. Күн суытқалы шағым көп, 4050-ден түсіп жатыр. Әрине, бәріне  шығып қысымын өлшеп жатырмыз.

Газға жауапты мекеме басшылары күніне кем дегенде 40 шақты адамнан «қысым жоқ» деген арыз түсетінін айтады. Қыс түскелі халық шағымына орай үй аралайтын бригалар санын арттырыпты. Олар газ құбырын тексеріп жедел шара қоланады деп сендіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде