{metadescription}
Боранда адасқан малшының беті мен қолы үсіп кеткен – Абай облысы
Боранда адасқан малшының беті мен қолы үсіп кеткен – Абай облысы

Боранда адасқан малшының беті мен қолы үсіп кеткен – Абай облысы

Абай облысында ақтүтек боранда адасып кеткен малшы табылды. Сақылдаған аязда далада қалған 58 жастағы азаматтың қолы мен бетін үсік шалған.

Оқиға Абай ауданында болған. Айтөбе қыстағынан Қарауыл ауылына жаяу шыққан малшы бет қаратпайтын боранда адасып кеткен. Ал қыстақ пен ауылдың арасы 20 шақырым. «Ақтүтек боранда айнала көрінбеді», - дейді. Әупірімдеп жүріп Шуашбай қыстағына зорға жеткен. Сол жерден малшы аман-есен табылды. Бірақ қолы мен бетін үсік шалып, дереу ауруханаға жеткізілді.

Бекзат Мұратов, Абай ауданы ПБ қызметкері:

- Жоғалып кеткен малшыны кеш бата тауып алып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Беті мен қолы үсіп қалған. Азаматты Абай ауданының ауыруханасына дер кезінде жеткіздік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде