{metadescription}
Астанада 700-ге жуық тұрғын сусыз, жарықсыз, жылусыз қалған
Астанада 700-ге жуық тұрғын сусыз, жарықсыз, жылусыз қалған

Астанада 700-ге жуық тұрғын сусыз, жарықсыз, жылусыз қалған

Астанада бір топ тұрғын бітпеген құрылыс пен сорғалап аққан судың астында өмір сүріп жатыр. Көбі – зейнеткер. Тапқан-таянғанын жинап, ақшасын толық төлеп сатып алған пәтердің жағдайы сын көтермейді. Ыстық су арман болғандар енді қайда қашарын білмей отыр. 700-ге жуық тұрғын мұз қатқан терезені тұмшалап тіршілік етуде.

Сиқы кеткен үйдің тұрғындарын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Тұрғын үй кешені тоғыз жыл салыныпты. Кілт тапсыру рәсімін ұзақ күткен тұрғындардың арманы биыл жазда орындалған. Алайда қуанышы тоғыз күнге де жетпеген. Өйткені кіргеннен басталған сапасыз құрылыс бір күн де тыныш өмір сүргізбей отыр. Ыстық суды ұмытқан тұрғындар қазір суық суға зар. Ал жарық баяғыдай сағатпен есептеп беріледі.

Тұрғындарды зар жылатып отырған – кәсіпке арналған бірінші қабаттағы ғимараттар. Ыстық су, жылу, кәріз жүйесі де осыдан өтеді. Қырсық қылғанда бұларды ешкім сатып та, жалға да алмаған. Сондықтан құбырлары іске қосылмаған. Соның салдарынан жоғары қабаттағы пәтерлер су, жарық, жылусыз отыр.

Сағындық Серғалиева, Астана тұрғыны:

- Ертең кіреміз деп отырғанда, үйді су алып кеткен. Қайта біз су ағып кетпесін деп, целлофан жауып қойғанбыз, соның өзінде су кетіп, ортан белімізге дейін су кешіп тоқтаттық. Одан кейін төбемізден су кетті. 5,6,7 пәтердің бәрінен.

Ал қақаған қыста жылусыз қалған пәтер ішіндегі батарея атылып жатыр. Тұрғындар үйінде резінке етік киіп, жүн шұлығын шешпейді.

Күнзадаш Әмитова, Астана тұрғыны:

- Енді ыстық су бермей жатыр. Ыстық суды тоқтатып тастаған. Неге екенін білмеймін. Салқын су қатып қалып жатыр. Жібіте алмайды, өйткені отпен жібітуге келмейді, ол пластик құбыр ғой. Басқа амал жоқ. Қалай жібіту керегін білмейміз.

Жағалау тұрғындары пәтерін тастап шыға алмайды. Аузы күйгендер қайтып келгенде тағы бір оқыс оқиға бола ма деп қорқады.

- 10 шақты күн бұрын жөндеуден өткізілген үйімізді су басты. Құбыр жарылыпы, көп адам шығынға ұшырады.

Әу бастан мәселесі көп құрылыстың қазіргі сиқы жаман. Опырылған еден, ақтарылып жатқан тоқ сымдары, терезеге қатқан көк мұз. Мердігер компания да «ертең» деген сөзімен жүйкесін тоздырған. Ал әкімдік онсыз да қала жылуының жетіспей жатқанын жазып шынын айтыпты. Жылу электр станциясының бұл үйлерді жылумен қамтуға күші жетпейді. Қосымша жылу көзіне қосуға да шектеу енгізілген. Енді тұрғындар тоғыз жыл күткен үйінде не қаларын, не құтыларын білмейді. Мердігер компания пәтер ақшасын жүз пайыз төлетіп алған. Аларын алған соң, құрылысты бітірмей созып жүріпті. Кейін Астана әкімдігі өзі аяқтап берген. Ал тұрғындар қордаланып қалған мәселесін кімге айтып, кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде