{metadescription}
Ақтаулықтар бір апта бойы ыстық су мен жылуға жарымай отыр
Ақтаулықтар бір апта бойы ыстық су мен жылуға жарымай отыр

Ақтаулықтар бір апта бойы ыстық су мен жылуға жарымай отыр

Ақтаулықтар бір аптадан бері ыстық су мен жылуға жарымай отыр. Жаздағы ауыз су тапшылығы қыста да қайталануда. Әсіресе көпқабатты үйлерге су жетпей жатыр. Соның салдарынан тұрғындар қат-қабат киініп, апталап жуынбайтын болдық дейді.

Ал қалаға жылу мен су жіберетін мекеме қазандықтың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтады. Бірақ тозығы жеткен құбырлардан пәтерлерге жылу жетпей жатыр .

Тоғызыншы қабатта тұратын Айнұр Ахметшеева тоқ пеш қосып, бес баласымен бірге бір бөлмеге тығылып отыр. Үйінде не ыстық су, не жылу жоқ. Бұл тек Айнұрдың басында жағдай емес. «Тыныш» тұрғын үй кешеніндегі барлық отбасы осылай амалдауда. Бір аптадан бері тұрғындар жылу мен ыстық судан қағылған.

Айнұр Ахметшеева, Ақтау тұрғыны:

- Үй салқын, электр пешін қосып қойып отырмыз. Бүкіл үйге жылу келмейді. Бір бөлмеге жылытқыш қосып, бір бөлмеде бүрісіп  отырмыз. Ыстық су да жоқ. Ыдысаяқты үйіп қойдық, жуа алмай. Өткенде су болмағанда сатып алып келген суымызды дәретханаға құйдық. Амал жоқ.

Тұрғындар судың жыры жазда да болғанын айтады. Ал енді қыста ыстық сусыз жағдайымыз тіпті қиындап кетті дейді. Бәрінен де кішкентай балалар мен қарттарға қиын.

Қамажай Боранғалиева, Ақтау тұрғыны:

- Бірінші топтағы мүгедекпін, бүйрегімді ауыстырған. Үш немерем бар, үйде ауырып жатыр. біреуі қырқынан шықпаған нәресте, жөтеліп жатыр. Дәрі әкеліп беріп едім, ол әсер етпей жатыр. Су жоқ. Шомылмағанымызға он күн болды. Даладан тасып әкеліп, ішіп отырмыз. Ол да жетпей жатыр.

Ал тұрғын үйге жауапты пәтер иесі кооперативі «бізден кінә жоқ» деп отыр. «МАЭК» мекемесі қалаға жылу толық беріліп жатыр дейді. Ауызсудың қысымын уақытша азайтқан. Себебі сорғылардың және технологиялық жабдықтардың мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін амалсыз осындай қадамға бардық дейді.

Мұрат Игалиев, «МАЭК» ЖШС бас директорының орынбасары:

- «МАЭК» өз жағынан суды тоқтатқан жоқ. Алайда шығынды азайту қысымын аздап түсірді. Қазір әкімшілікпен бірігіп график жасақталып жатыр. Таңертең 7:009:00 дейін кешкі 19:00-21:00-ға дейін қысымын көтеруге график жасадық. Ауыз су бойынша әкімшілік сол шешімді қабылдауда.

Ал қазандықтан шыққан жылу пәтерлерге жетпей жатыр. Себебі: құбырлар тозған. Сондықтан МАЭК мекемесі жылу жүйесін жаңалау керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде