{metadescription}
Көкшетауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Көкшетауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Көкшетауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Көкшетау әкімдігінің жанында ПАЗ маркалы автобус өртеніп кетті. 20 шақты жолаушы өртке оранған қоғамдық көліктен сыртқа шығып үлгерді.

Таңертеңгі уақыт болатын. Жұрт бұл кезде  жұмысқа асығып бара жатқан. Аяқ астынан әкімдік алдындағы аялдамаға келіп тоқтаған автобуста от бұрқ ете түскен. Көлікте отырған жолаушылар жанталасып сыртқа ұмтылған. Әйтеуір бәрі дін аман. Өрттің жылдам күш алғаны сонша, құтқарушылар келгенше автобустың қаңқасы ғана қалды. ПАЗ маркалы автобус жиһаз құрастыратын жекеменшік компанияға тиесілі екен. Бензинмен де, газбен де жүрген. Мамандар қаланың дәл орталығында автобустың  жарылу қаупі болғанын айтады.

Асқар Сафаров, Көкшетау ТЖБ аға инженері:

- Оқиға орнына келгенде автобус қатты жанып жатты. Жүргіншілері көп орталық көшеде тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды еді. Көліктің іші түтіндей бастағанда жолаушылар өзі ытқып сыртқа шыққан. Оларға көмек қажет болған жоқ. Қазір өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде