{metadescription}
Астанадағы былық: Шетел көліктерін заңсыз тіркеу мен негізсіз айыппұлдар
Астанадағы былық: Шетел көліктерін заңсыз тіркеу мен негізсіз айыппұлдар

Астанадағы былық: Шетел көліктерін заңсыз тіркеу мен негізсіз айыппұлдар

Астанада шетел көліктерін заңсыз тіркеп келген қылмыстық топ әшкереленді. Олар жымысқы әрекеттерін Халыққа қызмет көрсету орталығымен сыбайласып жүзеге асырған. Әр көліктің иесінен 400 мыңнан бір жарым миллионға дейін алыпты. Нәтижесінде мемлекет бюджетіне миллиардтаған шығын келтірген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі, сондай-ақ Астанадағы ақылы автотұрақтарға иелік етіп отырған компания қожайындарының заңсыз әрекетін анықтады. Олар не бүлдірген?

Қаланың әр бұрышындағы паркоматтар әуелде шаһар қозғалысын ретке келтіру үшін орнатылған еді. Бірақ одан мәселенің шешіліп кеткені шамалы. Керісінше, әкімдікті ауадан ақша жасап отыр деп айыптайтындар көбейді. Енді қайтсін, тұрғын үйлердің ауласындағы ұлтарақтай жерге көлік қоймақ түгігілі, аяқ алып жүрудің өзі мұң.

Нәзерке Құлжабаева, Астана тұрғыны:

- Бұл жерде 800-900 дей пәтер бар. Тұрғын үйіміз көлік көп жүретін жерде орналасқан. Автотұрағымыз ақылы. Күйеуім осы ақылы автотұраққа кішкене қойып, үйге кіріп шыққан. 4594 теңгеден төрт айыппұл келді. Яғни бір күнде 18 мың 360 теңгеден төледік.

Сөйтіп, паркоматтар ақшаны сүлікше соратын банкоматқа айналып үлгерді. Тұрғындарға негізсіз айыппұл лек-легімен келетінді шығарған. Көбінің соттасып жүруге уақыты жоқ.

Шыңғыс Темір, ҚР Тәуелсіз автобизнес одағы басқарма төрағасының орынбасары:

- Тұрғындар осындай заңсыздықпен бірнеше рет бетпебет келді. Тұраққа ақша төлегенімен қоймай, артынша айыппұл арқалаған фактілер тым көп. Сот арқылы ақшасын қайтарып алдық біразының. Себебі бұл жерде 100 пайыз жеке компанияның кінәсі. Мұндай айыппұлдардың әрқайсысының соңынан арызданып жүр.

Толассыз шағымнан соң антикор «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясын тексеруді бастаған. Нәтижесінде тұрғындардан негізсіз төлем алынғаны расталыпты. Онысымен қоймай, азаматтар тұрақ ақысын уақтылы төлемегендері үшін әкімшілік жауапқа тартылып келген.

Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

- Әр өңірдегі қызметіміздің маңызды бағыты – ақылы автомобиль тұрақтары. Биыл өңірлерде, оның ішінде «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-не мониторинг жасадық. Азаматтық қоғам мен Астана қаласының атқарушы органдарымен бірге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сай келмейтін және азаматтардың шектеусіз тобының құқығын бұзатын сәттер анықталды. Төлем негізсіз алынған және дер уақытында тұрақ ақысын төлемеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі тұрғындардың қалтасын қағып келген тағы бір заңсыздықты әшкереледі. Қылмыстық топ шетелдік көліктерді есепке қойып береміз деп, пайдаға кенелген. Сыбайластары да анықталған. Ол – Халыққа қызмет орталығы қызметкерлері. Сөйтіп 486 көлікті заңсыз тіркеп, әрқайсысынан миллиондаған қаражатты сыпырып алыпты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі:

- Қажет ақшаны алғаннан кейін күдіктілер көліктерді сатып алусату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған.

Осы іске қатысы бар қылмыстық топтың төрт мүшесі мен Астана қаласы бойынша №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қазір тергелуде. Ал ақылы автотұрақтарға қатысты агенттік құзырлы орындарға паркоматтарды алып тастау жөнінде ұсыныс тастаған. Қолдау таба ма, жоқ па, ол әзірге белгіз. Ақылы тұрақтар елорда бюджетін жылына 2 млрд теңгеге толтырып отыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде