{metadescription}
Ақтөбеде жылусыз қалған саяжай тұрғындары әкімдікке барды
Ақтөбеде жылусыз қалған саяжай тұрғындары әкімдікке барды

Ақтөбеде жылусыз қалған саяжай тұрғындары әкімдікке барды

Ақтөбеде жылудың жоқтығынан баспанасында тоңып отырған тұрғындар облыс әкімдігіне барды. Жиналған саяжайда тұратындары биыл газ қысымы көтерілмей, неше күннен бері бүрсеңдеп отырғанын айтты.  

Махаббат Тезекбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Балам ауырды. Үйде үлкен балаларым ауырды. Өзіміз ауырдық. Үй салқын. Тұру мүмкін емес. Біз басқа елде, басқа бір далада тұрып жатқан сияқтымыз. Шынына келгенде, қыста осылай газ проблема болды.

Жеке секторда тұратын ақтөбеліктер қыс басталғалы үйінің суықтан азынап кеткенін айтады. Саяжайда тұратындары мұздай шаңырақтарынан безіп кетудің аз-ақ алдында. Өйткені газ қысымы түсіп кеткен. Шыдамы таусылғаны әкімдікке жиналып, аймақ басшысы Ералы Тоғжановқа бетпе-бет тұрып арыз айтпақ болды. Бірақ әкім Астанаға кетіп қалыпты. Ал оның қарамағындағылар Ақтөбедегі 36 саяжай ұжымын тексеріп шыққан. Шенеуніктер биыл газ қысымының қатты түсіп кеткенін мойындайды. Қыста үй жылыту үшін құбырдағыгаз қысымының көрсеткіші 120 болуы керек. Ол екі-үш есеге төмендеген. Енді әкімдіктегілер газ шаруашылығына жауапты мекемелерді жинап, газ құбырларын жедел ауыстырамыз деп отыр. Себебі, жіңішке құбырдан жететін газ қысымы аз болады деп ақталады.

Ержан Мұздыбаев, Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы:

- Бардық. Расында да газ аз. Сексенге түсіп кеткен. Өз көзімізбен көрдік. Қырыққа түсіп кеткені де бар. Бізге сәл уақыт беріңіздер. Қазір сметасы. Сомасы дайын болған шығар. Сосын газ мамандарын жинаймыз. Еімнен қандай көмек болады, қалай дайын болады, кезеңкезеңімен істейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде