{metadescription}
Оқушылар айтысында маңғыстаулық Ерсұлтан Аушанов озық шықты
Оқушылар айтысында маңғыстаулық Ерсұлтан Аушанов озық шықты

Оқушылар айтысында маңғыстаулық Ерсұлтан Аушанов озық шықты

Шын мықтыға тұсау жоқ. Алматыда оқушылар арасында «Мен жастарға сенемін» атты республикалық айтыс өтті. Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жас өнерпаздар қатысқан. Сөйтіп жыр додасында алғашқы орынды 11- сынып оқушысы маңғыстаулық Ерсұлтан Аушанов алды. 

Алматыға бүгін еліміздің әр аймағынан "сен тұр, мен атайын"- деген жас ақындар жиналған. Оқушылар арасынан іріктеліп алынған 20 өнерпаз суырып салма өнерін айтыскерлер алдында паш етті. Дәстүр бойынша барлығы да қарсыласын қапы қалдырып оза шабуға тырысқанмен, арасында сәтсіз өнер көрсеткені де бар.

Ұйымдастырушылар сайысқа қатысқандардың бірі оңтүстіктің мақамына салса, бірі батыс мектебінің үлгісімен төкпелей түскенін айтады. Биылғы жыр додасында бақ сынасуға елге белгілі айтыскер ақындардың да шәкірттері қосылған.

Рауан Оқас, Assyltas қоғамдық қорының директоры:

- Оқушылардың айтысынан талай мықты ақындардың шыққанын көрдік. Қазір үлкен сахнада өнер көрсетіп жүр. «Асыл домбыра», «алтын домбыра» сияқты. Сондықтан да бұл айтыстың берері көп. Алдағы уақытта осы оқушыларды «Күміс домбыра» сияқты жастар, студенттер арасындағы айтыстардан көресіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.