{metadescription}
Тоғыз айлық қызы мен әйелін өлтіріп Ресейге қашқан
Тоғыз айлық қызы мен әйелін өлтіріп Ресейге қашқан

Тоғыз айлық қызы мен әйелін өлтіріп Ресейге қашқан

Екі адамның қанын мойнына жүктеген Атбасар тұрғынының қылмысы төрт жылдан кейін әшкере болды. Күдікті 2018 жылы тоғыз айлық қызын өлтіріп, денесін құдыққа жасырған. Ал екі жылдан кейін сол қанды қылмысын біліп қалған әйелін өлтіріп, ізін жасыру үшін Ресейге қашып кетіпті.  

Жантүршіктіретін қылмысты атбасарлықтар әлі ұмыта қойған жоқ. Ақпанның аязында құбыр жөндеп жүрген жұмысшылар құдықтан шүберекке оралып қапшыққа салынған сәбидің денесін тауып алған. Полиция баланың анасын жер-көктен іздеп таппаған. Тек екі жылдан кейін әйелдің де денесі жалдамалы пәтерде кілемге оралған күйі табылды. Елена Халдееваны 13 жерінен пышақтаған. Мүрдені сараптамадан өьткізген соң қылмыс әшкереленді. Сәбиді әкесі өлтірген. Қаскөй оны біліп қалған әйелінің де көзін құртқан. 29 жастағы күдікті кейін Қазан қаласында ұсталды. Кінәсін толық мойындап отыр.

Әсем Әбдікәрімова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қылмыс жасағаннан кейін бірден көрші мемлекетке қашып кеткен. 2020 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланды. ҚР ҚК 186-бабымен қылмыстық іс материалдары қылмыстық қудалауды одан әрі жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде