{metadescription}
Сот шешімі: Ақтөбедегі спорт мұз сарайы мемлекет меншігіне өткізіледі
Сот шешімі: Ақтөбедегі спорт мұз сарайы мемлекет меншігіне өткізіледі

Сот шешімі: Ақтөбедегі спорт мұз сарайы мемлекет меншігіне өткізіледі

Ақтөбедегі спорттық мұз сарайы мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне өткізілетін болды. Екі жарым мың адамға шақталған алып нысанға инвестор мен шенеуніктер бір жылдан бері таласып келген, ақыры экономикалық сот шешім шығарды. 

Балалар жыл бойы коньки теуіп, спортшы даярлайтын мұз сарайы осыдан төрт жыл бұрын салынған. Оны мемлекет жеке серіктестік жобасы аясында Словакия инвесторы тұрғызған. Шетелдік компания бес жыл ішінде кеткен шығынын өндіріп, 2024 жылы әкімдік балансына беруге тиіс еді. Бірақ жергілікті билік инвестордың қарызын жауып, кешенді ерте қолға алуды қалайды. Өйткені тұрғындардан тегін үйірмелердің жоқтығы мен мұз сарайындағы ақылы секциялардың қымбат болуына қатысты арыз көптеп түскен. Инверстор банк алдындағы қарызын жаптырып қана қоймай, қосымша 300 миллион теңге тағы сұрапты. Ақыры екі тарап бірін-бірі сотқа сүйреумен болды. Істі қараған судья спорт сарайын спорт басқармасының қарамағына жедел өткізген дұрыс деп шешті.

Нұргүл Танкиева, Ақтөбе облысы мамандандырылған экономикалық сот судьясы:

- Ақтөбе облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының қарсы шағымы қанағаттандырылсын. «H+H TECHNIKA» қоғамынан Ақтөбе қаласындағы мұз сарайы спорт кешені мемлекет меншігіне алынсын. Осы қоғамнан 86 миллион 796 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж жергілікті бюджет кірісіне өндірілсін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде