{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: 1071 азамат рақымшылыққа іліккен
Қаңтар оқиғасы: 1071 азамат рақымшылыққа іліккен

Қаңтар оқиғасы: 1071 азамат рақымшылыққа іліккен

1071 азамат рақымшылыққа іліккен. Тергеп-тексеру органдары ауырлығы орташа қылмыс жасады деген 8 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатса, 9 адамның ісін жапқан. Және тағы 77 азаматқа үкім шығарғанда жаза мерзімін азайтыпты. Бүгін Бас прокуратура қаңтар оқиғасын тергеп-тексерудің нәтижесін  хабарлады.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Соттар 902 сотталушының жазалау мерзімін қысқартты. Оның 827-сі есеп беретін пробация, ал 75-і жазадан босатылды. Өткен айда  рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам, ал пробация бақылауынан 68 адам босатылды.

Жалпы құқық қорғау органдары бес мыңнан астам қылмыстық іс қозғаған. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты және ұйымдастырды деген күдікпен 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелген. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен 471 азамат сотталыпты. Қазір оның 96-сы қамауда деді бас прокуратура өкілдері. Сондай-ақ тергеуде содырлардың бейбіт халықты өз қатарына қосуға тырысқаны да анықталған. Тіпті кейбірі қорқытып-үркітіп күш көрсетіпті. Әзірге құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен екі қылмыстық топ мүшелерін ұстаған.

Қаңтар оқиғасы кезінде 238 азамат қаза тапты. Оның ішінде 19-ы құқық қорғау қызметкерлері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде