{metadescription}
«Арселор Миттал Теміртаудың» тағдырын енді бас прокуратура шешеді
«Арселор Миттал Теміртаудың» тағдырын енді бас прокуратура шешеді

«Арселор Миттал Теміртаудың» тағдырын енді бас прокуратура шешеді

Бас прокуротура тексеріс жүргізіп жатыр. Атышулы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының алдағы тағдырын енді осы құзырлы орган шешеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- «Арселор Миттал Темиртау» бойынша келісімшарт міндеттемелері қайта қаралды. Қазірг Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады: "Тергеу аяқталғанша қандай да бір шешім айтуға ерте.

«Инвестор міндетіне салғырт қарап, талай апатқа жол берген компания басшылығын заң аясында тәртіпке салуға тырысамыз" - деді Өскенбаев.

Өткен дүйсенбіде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мәрте «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тоқталған-ды. Ондағы былықты тезірек реттеп, қатаң қадағалауды премьер-министрге тапсырған. Биылдың өзінде бұл кәсіпорнында 14 адамның өмірі қиылыпты. Жалпы 2006 жылдан бері «Арселор Митттал Теміртауда» 20-дан астам оқыс оқиға болып, 100-ден астам азамат көз жұмған. Апаттың барлығына дерлік салғырттық себеп. Ал инвесторлар болар іс болып, бояуы сіңгеннен кейін кешірім сұраумен ғана шектеліп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде