{metadescription}
Роман Скляр: Екібастұздың жайын журналистер тым әсірелеп жіберген
Роман Скляр: Екібастұздың жайын журналистер тым әсірелеп жіберген

Роман Скляр: Екібастұздың жайын журналистер тым әсірелеп жіберген

Журналистер дұрыс ақпарат жеткізбепті. Екібастұздың жағдайын «әлемдік катастрофа» деп бағаламайтынын айтқан вице-премьер Роман Скляр тілшілерге ренжулі. Айтуынша, жылусыз қалған Екібастұздың жайын журналистер тым әсірелеп жіберген.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Қала түгел қатып қалды деп, әлемдік катастрофа жасауға келіңкіремейді. «Жаураған Екібастұз» деген сөз бұл жағдайда үш ауданға қаратылып айтылған. Иә, бұл өте көп. 5100 пәтер, 13 мың тұрғын. 710 күн шамасында әртүрлі мезгілде 149 үйде бірден жылу тоқтатылды. Артынша 79 пәтерді қайта қосты. Сондықтан қала түгел қатып қалды деу артық болады.

«Таңнан қара кешке дейін жүрдім. Тіпті құбырларды ауыстырып, әр пәтерге жылу жеткізу процесінің басы қасында болдым», - дейді Скляр. Төтенше жағдай кезінде Екібастұз қаласында 15 жылыту орталықтары ұйымдастырылғанын да айта кетті. Бірақ азаматтардың көбі үйінде қалуды жөн көрген. Себебі, бұл уақытта ондағы жылу радиаторларын ауыстырып жатыпты.

Роман Скляр Екібастұздың жылу жүйесі әбден ескіргенін тағы бір мәрте қайталады. Отыз жылдан бері ауыстырылмаған құбырлар да бар. Ал Екібастұздың жылу жүйесін жыл сайын жаңғыртуға шамамен 12 миллиард теңге қажет дейді бірінші вице-премьер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде