Өскемен қалың қар құрсауында қалды
Өскемен қалың қар құрсауында қалды. Үш күн бойы тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы бір жарым метрге жеткен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.12.2022
Қазір облыс орталығындағы көшелерде қозғалыс қиындаған. Тұрғындар аулада қалған көлігін қозғай алмай, қалың қарда омбылап жүр. Ал күшейтілген режимге көшкен коммуналдық қызмет жолдарды ақ ұлпадан тазартып үлгере алмай жатыр. Себебі, қардың қалыңдығы қазірдің өзінде бір жарым метрге жуық. Сондықтан құтқарушылар жұртты барынша сақ болуға шақырды. Ал Қазгидромет мамандары алдағы күндері аяз қысып, көктайғақ болады деп болжап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары