{metadescription}
Жамбыл облысы Құлан ауылында 22 жастағы әскери әйелдерді сабаған
Жамбыл облысы Құлан ауылында 22 жастағы әскери әйелдерді сабаған

Жамбыл облысы Құлан ауылында 22 жастағы әскери әйелдерді сабаған

Әлсіздерге әлімжеттік жасаған! Жамбыл облысы Құлан ауылында үйлерді аралап жүріп, тек әйелдерді сабаған әскери қызметкер қатаң жауапқа тартылуы мүмкін. Оған қатысты қазір тергеу басталды.

Жауынгердің қолынан үш келіншек зардап шеккен. Миы шайқалып, көзі көгерген бір жәбірленуші емделіп жатыр екен. 22 жастағы әскери нәзік жандыларға неге шабуыл жасаған?

22 жастағы әскери қызметкер екі кеште біреудің үйіне баса-көктеп кіріп келіп, ас үйде алаңсыз жүрген 44 жастағы әйелді төпелеп тастапты. Артынша қызына да жұдырық ала жүгірген. Отағасы үйде болмағанда, соңы немен аяқталарын ойлаудың өзі қорқынышты. Ол түпкі бөлмеден шыққан бойда бұзақының жағасына жармасқан.

Азамат Тәжиев зіңгіттей жігітті жамбасқа салып жерге құлаттым дейді. Оның сөзінше, бұзақы алдымен дүкеншіні отбасымен сабаған.Мына кадрлар сол жерде түсіріген. Артынша бірінші қабаттағы көрші әйелді ұрып, соңынан менің үйіме көтерліген дейді. 47 жастағы азамат жауынгер көңілді отырыстан шыққан болуы мүмкін деп болжап отыр.

Азамат Тәжиев, Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны:

- Ол кісіні полиция қызметкерлеріне тапсырдық. Ол кісілер бұзақылықпен тіркелген. Ол жерде шабуылмен тіркеу керек еді. Соған шара қолдануларыңызды сұраймын. Шығып кете ме деп қорқамыз.

Жауынгерден таяқ жегендер қазір емделіп жүр. Біреуінің миы шайқалып, көзі көгерген. Ал әскерилер әріптесіміз қатты ұятқа қалдырды дейді. Қазір осы дерек бойынша тексеріс басталған.

Дина Мухаринова, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Тараз гарнизонының баспасөз хатшысы:

- Келісімшарт негізіндегі әскери қызметкер өзінің еңбек демалысында тұрғындарға қарсы заңға қайшы әрекетке барды. Оның ішімдік ішкені белгілі болды. Тергептексеру қорытындысынан кейін оның әскери қызметін жалғастыруы, не жалғастырмауы анықталады. Ол заң талабына сай жазаланады.

Тәртіп сақшылары да осы дерекке қатысты іс қозғады. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған 6 миллион теңге айыппұл салынады немесе 2 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Ал жәбірленушілер оны қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде