{metadescription}
Өскеменде студенттер қақаған қыста далада қалуы мүмкін
Өскеменде студенттер қақаған қыста далада қалуы мүмкін

Өскеменде студенттер қақаған қыста далада қалуы мүмкін

Өскеменде студенттер қақаған қыста далада қалуы мүмкін. Себебі жатақханада тегін тұратын шәкірттерге әлі күнге дейін жатын орынға ақша төленбеген.

Жанар Әнуәрбекова, студент:

Білім және ғылым министрлігі, оқуағарту және жоғарғы білім министрлігіне бөлінгенен кейін қаржыландыру болады деген. Ол қаржыландыруды біз әлі күтіп отырмыз. Қаржыландыру жоқ. Және де мемлекеттік сатып алулардағы веб порталында келісім-шартқа қол қойған жоқ.

Бұл жатақханада 180-нен астам студент тұрады. Басым бөлігі көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан. Арасында мемлекет қамқорындағы студенттер де бар. Енді олар бірінші қаңтардан бастап қайда қоныстанамыз деп басы қатып отыр. Себебі, мемлекет тарапынан жатын орындарын қаржыландыру мәселесі созбалаңға салынған. Дегенмен жауапты мамандар мемлекет есебінен тегін және жеңілдікпен жатақханада тұратын студенттердің ешқайсысы далада қалмайды деп сендірді.

Диас Жамбылов, «Қаржы орталығы» АҚ  департамент директорының орынбасары:

Шарттар қазынашылыққа тіркеуге жіберілді. 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін мәселе шешімін табады. Студенттерге тиісті төлем болады. Сондықтан бірдебір студент жатаханадан шығарылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде