Көкшетауда жер астынан соғыстан қалған бомба табылды
Көкшетауда құрылыс алаңынан әскери бомба табылды. Жер астында жатқан жеті минаны экскаваторшы көріп қалған. Әбден тот басқан жарылғыш заттар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған деген болжам бар.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.12.2022
Ербол Сауытов, экскаваторшы:
- Көріп қалғаннан кейін қарадық. Бәрі бір жерде жатқан үйіліп,соны қазып алып, бір жерге жинап қойдық. Полицияға хабарладық.
Құрылыс алаңынан әбден тот басқан бомбыларды полиция алып кетті. Оның бәрі 1,5 метр тереңдікте жатқан. Экскаваторшы топырақпен бірге шыққан темірдің мина екенін бірден ажыраттым дейді. Жарылғыш заттар бөлшектеніп қалған.
Бұл жерден мина табылуы тегін емес. Көкшетауда дәл осы маңда соғыс кезінде нөмірі 621 құпия әскери зауыт болған. Тарихтан ол кәсіпорында мина, граната, сондай-ақ автомат бөлшектері мен оқ-дәрілер шығарып майданға жөнелтілгені мәлім. Сондықтан зауыт орнына көпқабатты үй салмақшы болғандар әлі де талай тосынсыйға тап болуы мүмкін.
Нариман Нұржақсин, Көкшетау ПБ инспекторы:
- Саперлар тексергенде жеті минадан тазартылды. Қазір миналар қауіпсіз. Сараптамаға тапсырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!