Алматы облысында 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін
Алматы облысында құны 819 миллиард теңге болатын 40 меморандумға қол қойылды. Бұл 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өңірдің әлеуетін көтеруге арналған бастама «Туған жерге тағзым» атты инвестициялық форумда жүзеге асты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
14.12.2022
Қабылданған меморандумдар тікелей агроөнеркәсіптік кешен және құрылыс материалдарын өндіру салаларына қатысты. Яғни балық, құс өсіру кешендерін салу, жоңышқа өсіру және кірпіш пен арматура зауытын кеңейту қолға алынбақ. Шарада облыстағы 15 мыңнан астам жобаға 644,5 миллиард теңге бөлінгені де айтылды. Жалпы өндіріс және туризмнен бастап, энергетика саласындағы кәсіпкерге дейін басын қосқан осындай ауқымды форум алғаш рет өткізіліп отыр.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Бірінші бізде ауыл шаруашылығы. Өйткені 83 пайыз адамдарымыз ауылдарда мекендеген. Төрт қала бар. Қалғаны сол қалада тұрады. Сол себептен ауыл шаруашылығын дамыту бізге маңызды. Екінші жағынан, транзитті дамыту бойынша. Алматы облысының орналасқан жері өте ыңғайлы. Сол себептен бізде транзит жобаларды іске асыруда мүмкіншілік толып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!