{metadescription}
Шетелдік нөмірлі көліктер алты айда заңдастырылуы керек
Шетелдік нөмірлі көліктер алты айда заңдастырылуы керек

Шетелдік нөмірлі көліктер алты айда заңдастырылуы керек

Шетел нөмірімен жүрген көліктер алты айдың ішінде заңдастырылуы керек. Президент тапсырмасын төрт айдан бері созбаққа салып келген ішкі істер министрлігі процестің нақты қашан басталатынын заң күшіне енгеннен кейін хабарлаймыз деп отыр.

Ал жүргізушілер Халыққа қызмет көрсету орталығы мен электронды үкімет арқылы қазақстандық нөмір алуға өтініш бере алады. Заңды елемей, тіркелмеген көлікті тізгіндегені үшін азаматтарға әуелде 30 630 теңге, ал екінші рет ескерту берілсе, 61 260 теңге айыппұл арқалайды немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Заңдастыруға жататын автокөліктің жалпы саны 300 мыңнан асады. Соның ішінде оң жақ рулі бар автокөлік 20 мыңнан асады. Негізі жол жүру ережесін сақтауда үлкен мәселе бар. Бүгінде осы жағдайға байланысты, Президентіміздің жолдауына байланысты, халықтың жағдайын ойлап, бір мезгілдік рұқсат беріледі.

Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бері рулі оң жақтағы көлікті тіркеуге тыйым салынғанына қарамастан, бұл жолы бірреттік рұқсат берейін деп отыр. Онымен қоса  көліктің қай жылғы екені де есепке алынбайды. Тек көлік іздеуде болмауы керек, кеден тексерісінен өткен және елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек. Ал көлігін заңдастырмаған азаматтар машинаны елден шығарып жіберуі керек немесе бөлшектеп сатып жібере алады. Бір қызығы, министрліктің мәлімдемесінен Азаматтарға арналған үкіметтің  әзірге хабары жоқ, қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Ішкі істер министрлігінің брифингінен кейін шетелдік көлікті рәсімдеуге қатысты басы ашық сұрақтар бұрынғыдан көбеймесе, азайған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде