{metadescription}
Жаңаөзенде 19 жастағы сарбаз белдігіне асылып қалған
Жаңаөзенде 19 жастағы сарбаз белдігіне асылып қалған

Жаңаөзенде 19 жастағы сарбаз белдігіне асылып қалған

Жаңаөзендегі әскери бөлімшеде 19 жастағы сарбаз өзіне қол жұмсады. Келісімшарт негізінде борышын өтеп жүрген әскери қызметші өз бөлмесінде белдігіне асылып қалған.

Қайғылы оқиға Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болған. 19 жастағы жауынгер бөлмесінде өзіне қол жұмсапты. Оның асылып тұрғанын қаруласы байқап қалған. Марқұм Ұлттық ұлан қатарына 2021 жыл қабылданыпты. Әскери борышын өтеуге Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт негізінде сапёр болып қызмет еткен. Қазір сарбаздың өліміне қатысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Мерет Табынбай, 5548 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі топ бастығы:

- 5548 әскери бөлімінің келісімшартпен қызмет атқарған әскери, қатардағы Е. азамат өзі тұратын мекенжайда өзіне қол жұмсаған. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға гарнизонның әскери тергеу органдарына хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде