{metadescription}
Жаңажол кен ауаға 18 тонна улы газ таратқан – Ақтөбе облысы
Жаңажол кен ауаға 18 тонна улы газ таратқан – Ақтөбе облысы

Жаңажол кен ауаға 18 тонна улы газ таратқан – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында қоршаған ортаға залал келтірген мұнай компаниясы жазаланды. Бірақ Жаңажол кен орнында ауаны ластап, топырақты бүлдіргендер небәрі 18 миллион теңге айыппұл арқалаған.

Жаңажол айналасындағы ауыл тұрғындары күлімсі иіске тұншығып отырғанын айтып жиі шағымданады. Осыдан кейін экологтар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» иелігіндегі кен орнын тексерген. Компания көміртегі тотығын ауаға шектен тыс бөлгені анықталған. Тіпті жақында ғана ауаға 18 тонна улы газ тараған. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Бұл аздай, алты бұрғылау ұңғымасының маңына мұнай төгіліп, соны да тазартпаған. Осы «Ақтөбемұнайгаз» компаниясына тиесілі «Северная трува» кен орнында да осы жағдай қайталанған. Үш ұңғыманың айналасын қара алтынмен былғапты. Осының бәрін көзбен көрген экологтар хаттама толтырып, әзірге айыппұл салғанын ғана айтады.

Талап Уснадин, Ақтөбе облысы экология департаменті басшысының орынбасары:

«СНПС-Ақтөбемұнайгазға» тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 18 миллион теңге айыппұл салынды. Одан басқа ұйғарым берілді. Ол ұйғарым нәтижесінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ремидиация бағдарламаны істеу керек. Қазір сол бағдарлама жасалып жатыр. Мерзімі бар. Соны күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.